ЖСДП «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жұмыскерлерімен кездесті
6 наурызда ЖСДП-дан ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаттығына партия тізімі бойынша кандидаттар Нұрлан Әуесбаев, Ажар Сағандықова және бірмандаттық аймақтық округ бойынша кандидат Азамат Хайсин «Екібастұз 1-МАЭС» ЖШС жұмыскерлерімен кездесті.
«Жылыту маусымының ең қызған шағында Екібастұздағы ЖЭО-да орын алған қайғылы апат – еліміздің энергетикалық жүйесінің бүгінгі жай-күйі», – деп атап өтті өз сөзінде Нұрлан Әуебаев.
Кандидаттар ЖЭО-дағы кезек күттірмейтін мәселелерді, сондай-ақ биліктің апаттан кейін іс-қимылдарын талқылады.
Сонымен қатар, кездесу барысында партияның сайлауалды бағдарламасының басым бағыттары баяндалды.