Нұрлан Әуесбаев жаңа экономикалық саясат құруды ұсынды

Dalanews 31 қаз. 2022 12:23 143

ЖСДП-дан ҚР Президенттігіне кандидат Нұрлан Әуесбаевтың пікірінше, құрылыс саласы әрдайым түйткілді мәселелерге толы, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

«БАҚ-та өндірістегі жазатайым оқиғалар туралы жаңалықтар жарияланып тұрады. Алайда, жауапты орындар бұл проблеманы жою үшін ешнәрсе жасамайды.

Экономиканы жаңа бағытқа бұру керек деп санаймын.

Бізге олигархаттың мүдделерін қорғауға негізделмейтін, бірақ жұмысшылардың құқықтарын қорғауға бағдарланатын жаңа экономикалық саясат қажет», - деп жазды Нұрлан Әуесбаев өзінің Facebook парақшасында.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x