Мейрам Қажыкен: "Жастарға барлық жолды ашуға тиіспіз. Оларға көңіл бөлуде олқылықтар бар"

Dalanews 08 қар. 2022 11:24 188

Ақтөбе қаласында жүрген ҚР президенттігіне кандидат Мейрам Қажыкен Марат Оспанов атындағы Батыс Қазақстан медицина университетінің студенттері және профессор-оқытушыларымен кездесті.

Кандидат алғашында өзінің сайлауалды бағдарламасын таныстырды. Артынан қатысушылар әлеуметтік саладағы мәселелерді шешу жоспарларына қызығушылық танытып, өздерін қызықтырған сұрақтарын қойды.

Мейрам Зекешұлы болашақ мамандарды тұрғын үймен қамтып, жұмысқа орналасу мүмкіндігі жайында да сөз болды.

«Менің бағдарламамда жастарға ерекше көңіл бөлінген. Өйткені олар – еліміздің болашағы. Жастарға барлық жолды ашып, өзін-өзі дамытуға, үй сатып алуға, кәсіби карьерасын құруға барлық мүмкіндікті жасауымыз қажет.

Өйткені адам әлеуметтік мәселелері қаншалықты аз болса, соғұрлым ол жұмыс пен өз кәсібилігін арттыруға көбірек көңіл бөледі.


Ал бұл жалпы ел экономикасына әсер етеді», – деді ол.

Кездесу соңында Мейрам Қажыкен Ақтөбеде сайлаушылардың сұрақтары мен тілектерін қабылдайтын штаб жұмыс істейтінін айтты.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x