Қаңтардағы қайғылы оқиғаға елдегі әділетсіздік себеп болды – Жигули Дайрабаев
Дала демократиясы – әділетті Қазақстан кепілі!
Еліміздің негізгі заңы – Қазақстан Республикасы Конституциясының басты қағидаты – билік халыққа тиесілі дегенді сөз емес, іс жүзінде жүзеге асыру;
Еңбек адамының рөлі мен маңыздылығын арттыру, мұғалім, дәрігер және Отан қорғаушылардың мамандығын қастерлеу;
Өндірістік, әлеуметтік және инженерлік инфрақұрылымды дамыту бағдарламаларын іске асыру арқылы орталық пен өңірлер арасында ортақ игіліктерді тең және әділ бөлу;
Бюджеттік жоспарлау процесін, ұлттық және квазимемлекеттік компаниялар қызметін, сондай-ақ, ұлттық қорды және зейнетақы активтерін басқаруды барынша ашық ету;
Мемлекетті басқару ісінде бұқаралық ақпарат құралдары мен қоғам қайраткерлерінің ықпал ету саласын кеңейту;
Дәстүрлі ұлттық қонақжайлылықты Қазақстанның әлсіздігі емес, жағымды бейнесі ретінде пайдалану;
Жоғары мәдениет – қоғамды жаңарту негізі!
“Сыбайлас жемқорлыққа қарсы күресте мемлекет жасаған түрлі әрекет, мысалы, жалақыны көтеру немесе қылмыстық жазалау шараларын қатаңдату айтарлықтай нәтиже бермеді, керісінше, қылмыскерлердің жаңа жағдайларға бейімделуін арттырды”, – дейді Дайрабаев.
Бақуатты ауыл – қуатты мемлекет!
“Мен Қазақстан Республикасын алақандай жер де бос жатпайтын, егілетін, әр дастархан сапалы және бағасы қолжетімді отандық өніммен толтырылатын аграрлық державаға айналдыруға нық бекіндім”, – дейді кандидат.
Олар:
агробизнесті құру және дамыту үшін мемлекеттік қолдауда, жеңілдетілген кредиттеуде, фискалдық саясатта, еңбек нарығында, стартаптарды ынталандыруда, сондай-ақ жер, техникалық (отандық ауыл шаруашылығы машиналарын жасауды қалпына келтіру) және ақпараттық ресурстарды кедергісіз алуда ең жақсы жағдайлар жасау;
ауылдық елді мекендерді жаңғырту жөніндегі ұзақ мерзімді ұлттық стратегияны заң деңгейінде қабылдау;
соттар мен сотқа дейінгі тергеп-тексеру органдарында, сондай-ақ экспорт елдерінде адал ауыл шаруашылығы тауар өндірушілер мен олардың қызметкерлерін құқықтық қорғауда президенттік кепілдік беруді;
ауыл шаруашылығы еңбеккерлерінің мәртебесін арттыру;
қала тұрғындарын коммерциялық үстеме бағасыз азық-түлік тауарларымен қамтамасыз ету үшін мегаполистерде, моноқалаларда, облыс және аудан орталықтарында тұтыну қоғамдары мен кооперативтер желісін құру және дамыту;
агроөнеркәсіп пен ауылға ақша салатындарға сақтандыру мен кепілдік беру;