Тоқаевтың уәдесі: Қазақстанда балалардың арнайы шоты қашан ашылады?

Dalanews 14 желт. 2022 07:38 223

«Балаларға арналған ұлттық қор» аясындағы бастама Қазақстанның 18 жасқа толмаған барлық азаматтарын қамтиды.

Ал ол 2024 жылдан бастап жүзеге асады.

Қаражат жыл сайын есептеліп, баланың шотына түсіп отырады. Бұл шот таяу арада ашылады. Бірақ оны бала кәмелет жасына толғаннан кейін ғана қолдана алады

Шот операторы — "Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қоры".

Бұл жайында 14 желтоқсанда үкімет отырысында Ұлттық экономика вице-министрі Тимур Жақсылықов мәлім етті.

Бұған дейін Президент Тоқаев Ұлттық қордың жылдық инвестициялық кірісінің 50 пайызын балалардың шотына аударатынын мәлімдеген. Жинақ шотындағы ақшаны олар кәмелетке, яғни 18-ге толғанда ғана ала алады.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x