Жаңа Қазақстанды құру басталды. Тоқаевқа халықтың сенімі керек – Уәлихан Қалижан

Dalanews 25 қыр. 2022 14:57 223

Жаңа Қазақстанды құру басталды. Осы отыз жыл жинақтаған тәжірибеміз бар, оның ішінде артық кем тұстар да бар.

Соның бәрін ескере отырып, Қасым-Жомарт Кемелұлы Тоқаев бүкіл саяси-экономикалық жүйені қайта құру, модернизация жасау және оны жетілдіру жолын бастады. Бұл – халықтың көңілінен шықты. Себебі, көптеген заңдар қабылданып, Конституцияға өзгерістер енгізілді.

Енді осының бәрін жинастырудың алдында Президентке халықтың сенімі керек. Негізі саясатта үлкен орны бар, халықаралық деңгейде қызмет істеген, саяси элитаны жақсы білетін Тоқаевтың ел ішінде қадірлі азамат екені белгілі. Сондықтан Президенттік сайлауды өткізу және оны бір рет жеті жылдық мерзімге өткізу ұсынысы халықтың көңілінен шықты деп ойлаймын.

Себебі, шексіз билік пен шексіз байлық қандай дәрежеге жеткізетінін елдің көзі жетті.  Сол үшін Қасым-Жомарт Тоқаевтың бұл ұсынысы осы реформаларды жүзеге асыру үшін қажет дүние.  


Мәселенің түп төркінінде, Президент шиелініскен жағдайда халқын ешқандай қиындыққа ұшыратпай, қорған болып, әлеуметтік мәселелерді алға қойып отыр.

Өйткені халықаралық жағдай, олардың арасындағы текетірес, санкциялардың салынуы  Қазақстанды айналып өтпей, экономикалық тығырыққа тіреуі мүмкін.

Сондықтан осы мәселелерді шешу үшін бізге кардинальный өзгерістер керек. Ал оны бастау үшін президентке уақыт керек. Бұл сайлау Президенттің жасап отырған реформаларына қолдау деп түсінемін.

 

Уәлихан Қалижан,


Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, жазушы


https://dalanews.kz/news/81691-prezidenttik-kadr-rezervi-zhastardy

https://dalanews.kz/news/81674-kremlge-eskertilgen-baydenning-ke

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x