Тәліптер? Тоқаев Қазақстанның Ауғанстанға қатысты ұстанымын айтты

Dalanews 09 қыр. 2021 06:12 225

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев шетел елшілерінен сенім грамоталарын қабылдау рәсімінде Қазақстанның Ауғанстандағы ахуалға қатысты ұстанымын айтты деп хабарлайды Dalanews.kz Ақорданың ресми сайтына сілтеп.

Президент Ауғанстандағы күрделі дағдарыс жағдайында Қазақстанның прагматикалық сыртқы саясаты маңызды екенін атап өтті.

"Соғыстан тоз-тозы шыққан бұл елмен ортақ шекарамыз болмаса да, Алматы мен Кабулдың арасы ұшақпен бір-ақ сағаттық жер.

Мен ТМД, Еуропалық Одақ және Таяу Шығыстағы әріптестеріммен тығыз байланыста отырмын. Егер сіздердің мемлекеттеріңіз бен үкіметтеріңіздің басшылары ниет білдірсе, олармен ой-пікір алмасуға әрқашан дайынмын.

Әзірге Ауғанстандағы дүрбелең өңірлік қауіпсіздік проблемаларына назар аудартып тұр. Қазақстан зорлық-зомбылықтың, заңсыз есірткі айналымының және Ауғанстаннан тыс жерлерге бақылаусыз көшіп кетудің алдын алу мақсатында бұл елмен ынтымақтастық орнатуға дайын", – дейді Тоқаев.

Бұл үшін тәліптер біртұтас, инклюзивті және өкілетті ұлттық үкімет қалыптастырып, өздерінің, шын мәнінде, байсалды позиция ұстанатынын және келіссөздерге бейілді екенін дәлелдеуі қажет.


Осыған басымдық берген Мемлекет басшысы Қазақстан Ауғанстанның өз ішінде және көршілерімен тату-тәтті, бейбітшілікте өмір сүретін тұрақты, егемен және біртұтас мемлекет болғанын қалайтынын айтты.

"Біз бірінші кезекте елдегі қалыптасқан гуманитарлық қиыншылықтарды шешу үшін жаңа билікпен конструктивті іскерлік байланыстар орнатуға дайынбыз.

Халықаралық қоғамдастық Ауғанстанды қазіргідей дағдарыс кезінде қиыншылықтармен бетпе-бет қалдырмауы керек.

Керісінше, біз болашақта Ауғанстанның экономикалық және орнықты дамуы үшін барлық іс-әрекеттеріміз бен жоспарларымызды жұмылдыруымыз керек", – деді Қазақстан Президенті.

Жаңа ғана:


https://dalanews.kz/news/67610-taldykol-kolding-batpaqty-emes-taza-zhe

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x