Ел ескі-құсқы көлікпен жүр. Жұртқа көлік жаңартуға мүмкіндік беру керек - Смағұлов

Dalanews 18 ақп. 2021 12:31 319

Қазақстанда зейнетақы жинағының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігін автокөлік сатып алу мақсатына пайдалануға рұқсат беру ұсынылды. Бұл туралы Astana Motors компаниясының басшысы Нұрлан Смағұлов айтып жүр, дейді Dalanews.kz LS ақпаратына сілтеме жасап.

Смағұловтың сөзінше, Қазақстандық автобизнес қауымдастығы индустрия және инфрақұрылымдық даму министрлігіне осы ұсынысын жеткізген. ИИДМ өз кезегінде бұл ұсынысты қарастыру үшін оны ұлттық экономика министрлігіне жолдап жіберіпті.

БЖЗҚ ақшасын баспанаға ғана емес, Қазақстанда жасалған автокөлікті алуға да жұмсау мүмкіндігі берілсін деген ұсыныс жасадық. Әрине, халыққа ең керегі баспана, бірақ ескі көлігінен әбден шаршаған, немесе қара жаяу жүргендердің тағы бір арманы жаңа көлік.

Халыққа көлігін жаңартуға мүмкіндік берілуі тиіс деп ойлаймыз. Бұл идеяны көлік шығарушылар да автокомпаниялар да қолдауы керек, – деген екен Смағұлов.

...

Бұдан бұрын журналист Ибраш Нүсіпбаев "Нұрлан Смағұловтың кесірінен қара халық қаусаған, тозығы жеткен көлікпен жүруге мәжбүр" деп жазған.

Dalanews.kz-ке ұсынған мақаласында әріптесіміз "отандық автокөлік нарығындағы бәсекелестікті бесігінде тұншықтарған Смағұлов алыс-жақын шетелден жаңа көлік кіргізуге жаны қас. Себебі «жан бағып» отырған бизнесін жоғалтқысы келмейтінін" айтқан еді.

«Астана Моторс» алдағы жылы Хюндай көлігін құрастыратын ірі зауыт ашамыз деп алақайлады. «Алғашқы сатыда зауыт жылына 30 мың көлік құрайды. 2023 жылы 45 мың көлік құрайтын қарқынға жетпек. Жаңа зауыт жүздеген адамды жұмысқа алып, әлеуметтік ахуалды түзеуге атсалысады» деген ақпаратты көзім шалып қалды.

Күлейін бе, жылайын ба? Мына жаңалықты оқып, біздегі бизнес пен билік өкілдерінде тауықтың миындай ми жоқтығына кезекті рет көзің жетеді», – дейді әріптесіміз.

Журналистің пікірінше билік және билікпен ауыз жаласқан бизнес өкілдері көзбояшылықты ғана жете меңгерген. «Астана Моторстың» жұмыссыздық көрсеткішін азайтудағы үлесі теңізге тамған тамшыдай ғана. Компания мемлекетке масыл, өз күнін өзі көретін жағдайға жеткен жоқ, жетпейді де.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x