Шенділер індеттің қайталанбауын Жаратқанан сұрапты

Dalanews 13 қыр. 2020 12:49 193

Денсаулық сақтау министрлігі елде коронавирус өршіген жаздағы ахуалда жіберген қателігін мойындады. Медицина саласындағы шенеуніктердің аурудан қорыққандары соншалық, қауіпті індеттің қайталанбауын Жаратқаннан сұрапты, – деп хабарлайды КТК арнасы.

Қазір елімізде коронавирусқа қатысты эпид-ахуал тұрақты. Егер вирус жұқтырғандар саны 7 есе өссе, яғни 30 мыңға жетсе, Қазақстанда қатаң карантинді қайта енгізіп, шекараларды жабуы мүмкін.

Әзірге сенбі-жексенбідегі шектеулер әлі де жалғаса бермек.

Екінші толқынға тас-түйін дайын отырған салалық министрлік елде тұмауға қарсы вакцина науқанын 10-қыркүйектен бастап кетті.


Әншейінде қазан айында жүргізілетін вакцина науқанына биыл коронавирус қатты әсер еткен. Бір жағынан мамандар: «Қазақстанда таралған тұмау мен қауіпті індеттің белгілері бір-біріне ұқсас» дейді.

Тегін екпені қауіп тобына жататындар, жүкті әйелдер және медициналық қызметкерлер алады. Ал Covid-19 екпесінің бағасы 5000 теңгедей тұратын тұмауды жоятын препарттан қымбат болмайды. Денсаулық сақтау министрлігінің болжамы осындай.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x