Машкевич Арқалықтың опыр-топырын шығарды - журналист

Dalanews 27 там. 2020 14:19 261

Миллиардер Машкевич Арқалық қаласының қойнауындағы шикізатты асты-үстіне шығарып, отыз жылда тауысып тынған. Бұл жайлы журналист Ербол Мәндібек жазды хабарлайды Dalanews.kz. 

Қаладағы жүйе құраушы ірі кәсіпорын «Қазақстан алюминийі» АҚ Торғай боксит кен басқармасы жабылатынын қынжыла жазған жазған журналист бұл мәселені шешуде облыс әкімінің өзі шарасыз екенін айтады.  

Бұл мәселеге Президенттің өзі араласпаса, Архимедтей (Архимед Мұхамбетов Қостанай облысының әкімі, ред.)  он әкім әкелсең де қолынан келмейді-ау. Алты алаштың алтынын қазған Александр Машкевич Арқалықтың астындағы шикізатты отыз жылда опыр-топыр қылды.


Тірлігі ТБРУ-ға тірелген, онсыз да дотациядағы шаһардың шаруасы осымен біткен секілді", – дейді әріптесіміз.


Журналист Торғай боксит кен басқармасындағы 600-ден астам жұмысшының тағдырына алаңдаулы. Айтуынша облыс әкімі Архимед Мұхамбетов Арқалыққа арнайы бара жатыр. Әріптесіміз әкім келгенмен түйткілдің түйіні тарқай қоярына сеніңкіремейді. 

"Сұлу сөзге құралған сылтауы табылар. Мықты болса Машкевичке миллиард доллар инвестиция құйғызсын. Былтырғы кездесуінде күлкіңді келтіретін, жас балаға кәмпит ұстатқандай ұсыныстар айтыпты. Сілтемесі мінекей https://www.erg.kz/kk/news/1330

Жалтақтаған жұрттың жанайқайы басылғанша жарбаңдап жанында жүрерсіңдер. Әрі қарай ат ізін салмай кетері түсінікті. «Бизнес по билікский» деген осы шығар.


Тәуелсіздіктің бастауында жоқшылық деп Торғай облысын жауып тынды. Көмекті күте-күте қорасындағы малын тауысқан мыңдаған адам амалсыз Арқалыққа көшіп келді. Енді есін жия бастағанда бұл жердің де байлығын тауысып, тағы да тығырыққа тіреді", – деп жазған екен журналист желідегі парақшасында.


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x