"Ертең үлкен дау болады!". Дәрігер коронавирус статистикасына күмән келтірді

Dalanews 13 шіл. 2020 15:34 236

Атиптиялық пневмонияға шалдыққан жүздеген, мыңдаған науқасты короновируспен ауырғандардың ортақ есебіне енгізу керек.




Бұл туралы Орталық клиникалық ауруханасының нейрохирургі Мыңжылқы Бердіқожаев мәлімдеді деп хабарлайды Dalanews.kz.  

Атиптиялық пневмонияға шалдыққан азаматтарды коронавируспен ауырғандардың статистикасына енгізу қажет. Маман пікірінше әзір coronavirus2020.kz ресми сайтында күнбе-күн жаңарып отыратын мәлімет шындыққа сай емес.


Дәрігер бұл туралы әлеуметтік желідегі парақшасында егжей-тегжейлі айтып, тиісті орындарға видеоүндеу жолдады.

– Бұл сайттың (coronavirus2020.kz, ред.) мәліметінше талайдың өмірін жалмаған қауіпті пневмонияның коронавирусқа қатысы жоқ екен. Осы сөзге мұқият мән беріңіздер. Ауруханадан тыс пневмониядан көз жұмғандардың көрсеткішін Covid-пен байланыстырмай, бөлек ұсынып жатырсыздар.  Статистикамен ойнауды доғару керек.  Ауру-сырқаудың халықаралық кодтарын әрлі-берлі аударыстырудың ақыры көмектің кешігіп көрсетілуіне, ауруханаға жатудан бас тартуға, өлім-жітімнің көбейуіне алып келді, – дейді ашынған дәрігер.

Сoronavirus2020.kz сайтының бүгінгі, 13 шілде күнгі дерегіне сай қауіпті індеттен 375 адам ажал құшқан.

Ал дәрігердің айтуынша аяқасты өршіген пневмониядан қайтыс болғандардың статистикасы бұл сайттың есебіне енбеген.


«Мұны атипиялық пневмония деп қорықпай айту қажет. COVID-19 ел арасында пневмонияның осы түрінің өршуіне, асқынуына алып келді. Бұл жайтты ашып айтып, мойындауға тиіспіз», – дейді Мыңжылқы Бердіқожаев.

Маман сөзінше ауруханадан тыс пневмонияны антибактериалды терапиямен емдеп жазады. Бүгінде бұл терапияға вирусқа қарсы және гормоналды дәрі-дәрмектер, антикоагулянттар тағайындалып жатыр, алайда бұл хаттамада жоқ. Есесіне коронавирустың хаттамасына енген.

Амбулаторлық деңгейде де әлгі жағдай, деп атап өтті маман.

– Іс жүзінде ауруханада ауыр жатқан сырқаттарға коронавирус инфекциясының хаттамасында көрсетілген дәрі – дәрмекті тағайындауда. Қағаз жүзінде оларды ауруханадан тыс пневмония есебінде көрсетуде.

Біздің жүйенің ой-қырын жақсы білетін адам ретінде айтайын, жағдай қалыпқа келгеннен кейін, айқай-шудың көкесін көреміз. Себебі әзіргі ем-дом клиникалық хаттамаға сай емес. Ауруханадан тыс пневмония жағдайында антивирусты дәрі-дәрмек тағайындалмау қажет, – дейді Мыңжылқы Бердіқожаев.

Маманның пікірінше, Қазақстанда ПЦР тестілеуі оң нәтиже көрсеткендерді ғана коронавирус жұқтырғандардың есебіне енгізеді.

– Қазіргі мәлімет шынайы жағдаймен үйлеспейді. Компьютер томографиясы және рентген-зерттеуі нәтижесінде дәлелденген атипиялық пневмония жағдайлары тікелей ковидпен байланысты. Оны коронавирустық пневмония деп өзгертіп, әзір тек ПЦР сынамасымен ғана расталатын статистиканы қайта қарау қажет,  – дейді дәрігер.

Әлемге әйгілі Джон  Хопкинс атындағы университеттің мәліметінше коронавирус сынамасы аурудың түрлі сатысында әртүрлі нәтиже көрсетуі, соның ішінде теріс нәтиже көрсетуі де мүмкін, деп алып-қосты маман.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x