Дулат Ағаділдің өлімі бойынша қозғалған қылмыстық іс тоқтатылды

Dalanews 28 мам. 2020 10:38 293

Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы Дулат Ағаділдің өліміне қатысты қылмыстық іс бойынша тергеуді аяқтады, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Тергеушілер оның қайтыс болғанға дейінгі оқиғалардың бүкіл хронологиясын тізбектеп, тексеріп шықты.

Ағаділге күдікті ретінде іздеу жарияланды, өйткені ол кетпеу туралы қолхатта өз мойнына алған міндеттемеден жалтарып, тергеу органы талаптарын орындамады. Осы себептерге байланысты сот алдында оған қатысты тағайындаған бұлтартпау шарасын қамауға алуға ауыстырды. Осылайша, сот шешімін орындаған полиция қызметкерлеріАғаділді ұстау және оны қамауды заңның талабы аясында жүргізді.

Ағаділдің өлімінің себептері мен жағдайларын тәжірибелі медициналық-сот сарапшылары және жоғары санаттағы кардиологтардан тұратын комиссия мұқият зерттеді, деп хабарлады Нұр-Сұлтан қалалық прокуратурасы.


Олардың қатарында Ағаділдің жақын туыстарының өтініші бойынша тартылған мамандар да болды. Олар Ағаділдің өліміне коронарлық артериялар мен артериолдың қатты спазмасының күшеюі нәтижесінде қан ұйып, жүректің сол қалқаншасына қанның жиналуы салдарынан миокард инфаркт себеп болғанын анықтады.

Сарапшылар Ағаділдің денесінен дене жарақаттарын таппады.

Осыған байланысты 25 мамырда Ағаділдің өліміне қатысты қозғалған қылмыстық іс қылмыстық құрамның болмауына байланысты тоқтатылды.

25 ақпанда қоғам белсендісі Нұр-Сұлтан қаласындағы тергеу изоляторында қайтыс болғандығы белгілі болды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x