Әйгілі брендтерді қолдан тіккен қазақстандық «Nike» компаниясына 19 млн теңге залал келтірді

Dalanews 25 мам. 2020 06:16 196

Алматы облысының тұрғыны әйгілі брендтегі спорттық аяқ киімдерді қолдан жасаған, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Қазақстан Республикасы Қаржы министрлігі Қаржы мониторингі комитетінің Алматы облысы бойынша экономикалық тергеу департаментінің қызметкерлері "Adidas", "Nike" және "Reebok" тауарлық белгілерін заңсыз пайдалану фактілерін анықтады.

1982 жылы туылған Қазақстан Республикасының азаматы жалған спорттық аяқ киім жасап, осылайша Adidas AG (Германия) және Adidas International Marketing BV (Нидерланды) компанияларына 19 миллион теңге көлемінде залал келтірді, – деп хабарлайды ҚР ҚМ КФМ.

Қойманы тінту кезінде әйгілі компаниялардың түпнұсқа өнімдеріне сәйкес келмейтін 800 жұп спорттық аяқ киім (кроссовкалар) табылып, тәркіленді. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 222-бабы 1-бөлімі бойынша қылмыстық іс тергелді.

https://youtu.be/qQRdV7_Ga2A

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x