Қытайдың ресми сайттары Қазақстанға сес көрсетіп жатыр

Dalanews 14 сәу. 2020 10:25 171

ҚХР ресми сайттары Қазақстанға сес көрсетуді бастап кетті. Олар Қытайдың қол астына кіруді "қайта оралу" деп атап, олар емес, біз өзіміз соларға мұқтаж болып отырғандай еш шімірікпестен айтып жатыр.

Расымен де, Қытайды астыртын жақтаушылар ел ішінде бар ма? Қазір, қытайдың құрығы ұзарды. Оның қанды шеңгелі мен темір құрсауы кез-келген жерден кімді болса да, құрықтай алатын жағдайға жетіп отыр дейтіндер де бар.⠀

Ақшамен ауыздарын ұрып, өздеріне қызмет еткізіп қоятын жалдамалы құлдары көршілес елдерде мейлінше көбейген болса, бұл өте қауіпті. Қытайдың зұлымдығын әшкерелеп, коммунистердің азапты лагерлеріне қарсы күрескен жандарды тұқыртудың алуан түрлі айла-амалдар мен зұлымдықтарды ойлап табудан қытайлар еш тайынбас.

Қытайдың отарлау саясатына қарсы болған азаматтардың еш кінәсі болмағанымен қандай бір жолмен өз елінде жүріп те, қытайлық күштердің ықпалымен түрлі қысымға ұшырамасына, жазықсыз зардап шекпесіне кепілдік бар ма?!⠀

Керісінше, егер көптеген көршілес елдерде өз ұлтының мүддесін сатып, қытай отаршыларына жағымды пікір айтып, компартияның суайт елшілерінің сөзін сөйлеп, компартияның астыртын әрекеттерін жақтаған “жұмсақ күштер” итше тойынып, шошқаша семіріп жатса, оған да таң қалуға болмайды. Сақ болайық, еліміздің дербестігін қорғайық!⠀

Қуандық Шамахайұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x