Коронавирус жұқтырған азамат Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен келген

Dalanews 25 нау. 2020 07:08 164

Науқастың жағдайы - орташа ауыр, тыныс алуы қиындаған.

Шымкентте COVID-19 диагнозы қойылған алғашқы жағдай туралы кеше хабарланған болатын. Оның 24 жастағы жігіт екені белгілі болды, ол 20 наурыз күні Нұр-Сұлтаннан Шымкентке автобуспен келген, деп хабарлайды dalanews.kz. 

Науқастың жағдайы - орташа ауыр, тыныс алуы қиындаған. Ол Шымкенттегі инфекциялық ауруханасында жатыр.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустық инфекцияның 79 жағдайы расталды.


2020 жылдың 25 наурызында сағат 09: 40-та Нұр-Сұлтан қаласында коронавирустық инфекцияның тағы бес, Алматыда екі жағдайы тіркелді.

Бүгінгі таңда елімізде коронавирустық инфекцияның 79 жағдайы расталды, оның ішінде:

Нұр Сұлтанда - 41,

Алматыда - 31,

Қарағандыда - 2,

Алматы облысында - 1,

Ақтөбе облысы - 1,

Шымкент қаласында - 1,

Жамбыл облысында - 1,

Солтүстік Қазақстан облысында - 1 жағдай.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x