Айгүл Орынбек: "Әблязов бір отбасының тағдырын тас-талқан қылды"

Dalanews 02 нау. 2020 17:20 250

Бұл туралы танымал заңгер, Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің мүшесі Айгүл Орынбек желідегі парақшасында жазды деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Оның айтуынша Мұхтардың жұртқа жаны ашымайды. Керісінше жұмысына жегіп, қызметіне пайдаланып қалуды ғана көздейді.

"Иә, Мұхтар халықты жәй ғана пайдаланады!

Оған мысал өзіміздің Шымкенттен кеткен Ардақ Әшім апамыз. Бір отбасының тағдырын тас талқан қылды.


Тек бір емес алаңға шыққан қаншама адамның отбасы күл-талқан болды. Болашаққа мықты ұстанымы бар, халықпен бірге жүретін көшбасшының артынан ерер едім! Қортық, алаяқ бастаған митингілерге қарсымын!" - дейді заңгер.

Айгүл Орынбек қуғындағы банкирге алғаш рет шүйлігіп отырған жоқ. Бұдан бұрын да сын садағына алып, Әблязовті сорлыға теңеген еді.

"Айналайын Әблязов бұрын халықтың көзі жұмулы соқыр болған шығар қəзір құдайға шүкір көзіміз ашық. Өзімізде де жетеді билікке шығатын адамдар.

Сен сияқты тілін білмейтін патриот елді қиратпаса, қарық қылмайды. Миллион адамды көшеге шығарам деп армандап отырсың ба ? Əзірге біз сияқты көзі ашық қоғам оған жол бермейді.


Халықтың арасынан шыққан елін сүйетін азаматтар көбейіп келе жатырмыз. Мемлекеттіміздің қауіпсіздігі мен тəуелсіздігі қымбат біз үшін" – деген еді қоғамдық кеңестің мүшесі.

Оның пікірінше Әблязовтің әзіргі тікелей эфирінің халыққа берері жоқ. Бұрынғыдай емес одан билік те сескенбейтін болған.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x