Жұмыссыз түріктер Қазақстанға ағылуда

Dalanews 24 ақп. 2020 13:20 225

2020 жылдың қаңтарында екі қолға бір күрек іздеген түрік азаматтары Қазақстанға қарай көз тігіпті.




Өткен айда Түркияда біздің елді бетке алған сапар саны күрт өскен деп хабарлайды Dalanews.kz осы елдің Жұмыспен қамту басқармасына (İŞKUR) сілтеме жасап.

Басқарма мәліметінде 2020 жылдың қаңтарында İŞKUR арқылы Қазақстанға сапарлаған түріктер саны былтырғы жылғы дәл осы мерзіммен салыстырғанда 16,9 есе өскені айтылған.

Өткен айда Жұмыспен қамту басқармасының жөн сілтеуімен Қазақстанға 394 Түркия азаматы келіп қайтқан.


Басқарма мәліметінде бұлардың қаншасы Қазақстанда тұрақтап қалғаны айтылмайды.

Жалпы қаңтар айында İŞKUR арқылы 1783 түрік азаматы нәпақасын шет мемлекеттен табуға аттанған. Бұл былтырғы жылғы осы мерзіммен салыстырғанда 10,4 пайызға көп.

Қазір Түркиядағы жұмыссыздар саны - 4 млн адамды құрайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x