Тоқаев таңдап алған 300 кадрға қазақ тілін білу талабы қойылмады

Dalanews 13 ақп. 2020 10:00 192

Ең үлкен қателік үкіметімізден бастап, мәжіліс, сенатқа дейін, барлық министрліктер әлі күнге дейін орысша шүлдірлейді. 30 жылда тілімізді тұғырлы орнына шығара алмадық.




Елордадан бастап көпшілік қала жастары қазақ бола тұра бір-бірімен орысша сөйлеседі. Тіпті осы модаға айналды. Олар қазақша білмегені үшін ұялмайды, қысылмайды. Керісінше орысшасы шалалар өздерін ыңғайсыз сезінеді. Тіпті төмен санайтын жағдайда.

Ахуал осылай бола тұра өзге ұлттардың жаппай қазақша сөйлеуін талап етуіміз қаншалық дұрыс?! Өзімізге қажет болмаған тіл басқаға керек пе?


Мемлекеттік қызметке тек қазақ тілін жетік меңгергендерді ғана алу керек. Президент бастамасымен жасақталған резервтік 300 кадр іріктелді. Бірақ тағы да қазақ тілін білу талабы жоқ. Тіл болмаған жерде ұлттық идеология туралы сөз қозғау өзімізді алдау. Бос әурешілік!

Қайрат Жолдыбайұлының әлеуметтік желідегі жазбасынан




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x