Тоқаев дүнген баланың үндеуіне жауап қатты

Dalanews 09 ақп. 2020 09:03 223

Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді.

Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев дүнген баланың үндеуіне жауап берді, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бұл күндері маған біздің азаматтардан көптеген өтініш келіп түсіп жатыр. Дүнген баланың видео арқылы жолдаған үндеуін көрдім. Жауап берейін: Менің міндетім - елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету, - деп жазды Президент twitter-дегі аккаунтында.

Бұл күндері азаматтарымыздан көптеген өтініштер келіп түсуде. Дүнген баласының бейнежазбасына назар аудардым. Жауап беремін: Менің міндетім - елімізде бейбітшілік пен келісімді қамтамасыз ету.


Мемлекеттік органдар қызметкерлерінің салғырттығы арқасында арандатушылар қантөгіс жасады. Олар жазаланады. Мемлекет зардап шеккендерге қолдау көрсетеді. Бейбітшілік пен келісім біздің басты байлығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ!




Сонымен қатар Тоқаев қантөгіс арандатушылардың кінәсінен, мемлекеттік органдар қызметкерлерінің жол беруі салдарынан болғанын және олардың жазаланатынын айтты.


Зардап шеккендерге мемлекеттік қолдау көрсетіледі. Бейбітшілік пен келісім - біздің басты құндылығымыз, оны бұзуға ешкімнің құқығы жоқ! – деді Президент.

https://www.youtube.com/watch?v=0BP7z7wH6hg&feature=emb_title

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x