Қырықтан асқан шенділер ақ шашпен жүруі керек, шашы ағармаса бояуы тиіс

Dalanews 06 ақп. 2020 03:54 294

Түркіменстанның шығысындағы Лебап аймағында 40 жастан асқан ер шенеуніктерге ақ шашпен жүруді міндеттеген. Бұл туралы Азаттықтың Түркімен қызметі хабарлады. Осылайша мемлекеттік қызметкерлер самайына ақ түскен ел президенті Гурбангулы Бердімұхамедов сияқты ақ шашпен жүруі тиіс.

Азаттықтың Түркімен қызметінің хабарлауынша, 1 ақпаннан бастап шенеуніктер, мұғалімдер мен дәрігерлерге шаш боюға тыйым салынған. Шашына ақ түспегендер шаштарын аққа я сұрға бояуы тиіс.

Азаттықтың Түркімен қызметінің дерегінше, егер президент Бердімұхамедов аймаққа келе қалған жағдайда шашына ақ түскен шенеуніктер ғана кездесуге кіргізіледі.


2019 жылы қаңтарда Түркіменстанның мемлекеттік мекемелеріне, мектеп, ауруханаларға Бердімұхамедовтің жаңа портреттерін сатып алу міндеттелген. Жаңа портреттерде президенттің шашына ақ түскені байқалады. Бұған дейінгі портреттерде оның шашы қара болған еді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x