Назарбаевтың ортаншы қызы Қазақстанның ең ауқатты әйелі атанды

Dalanews 09 қаң. 2020 12:55 309

ТМД елдеріндегі ең ауқатты азаматтардың басым көпшілігі коммунистік режим күйрегенде билік басындағы топқа жақын болған адамдар.




Қазақстанның тұңғыш президенті, Елбасы Нұрсұлтан Назарбаевтың екінші қызы Динара Құлыбаева Қазақстанның ең бай әйелі атанды, деп хабарлайды dalanews.kz stan.kz келтірген деректерге сілтеме жасап.

Кеңес үкіметі күйрегеннен кейін 30 жылдан кейін пайда болған миллиардерлерге мақала арнаған Bloomberg Динара Құлыбаева мен күйеуі Тимур Құлыбаев екеуінің әл-ауқаты 5 миллиард долларға жететінін айтқан.
"Олар жұлдыздармен араласады, саясатпен айналысады, орасан зор байлықты, кейбірі тіпті ел болашағын уыстарында ұстап тұр", - делінген мақалада.

Мақала авторларының сөзінше, ТМД елдеріндегі ең ауқатты азаматтардың басым көпшілігі коммунистік режим күйрегенде билік басындағы топқа жақын болған адамдар.

Мақалада Динара Құлыбаеваның экс-президент Нұрсұлтан Назарбаевтың қызы екені, немен айналысатыны және қандай активтері бар екені көрсетілген.
"Ол жұбайы екеуі елдегі қаржы институттарын, оның ішінде ең ірі қазақстандық банкті, ауылшаруашылығы өнімдері мен мұнай саудасымен айналысатын кәсіпорындарды бақылайды. Сондай-ақ Дубай мен өз отанында жылжымайтын мүлік саласында жобалары бар", - делінген ақпаратта.

Динара мен Тимур Құлыбаевтар батыс журналистері мен АҚШ дипломаттары арасында өте танымал екенін айта кету керек. Кезінде америкалық дипломаттар Тимур Құлыбаевқа "ең сырбаз миллиардер" ("manicuired billionaire") деген ат қойған.

Басылым атап өткендей, Құлыбаев келіссөздер жүргізу өнерін жетік меңгерген. Forbes Kazahstan журналының 2019 жылғы рейтингінде 3 100 000 000 доллармен Тимур Құлыбаев 3 орынға, дәл осындай ақшамен Динара Құлыбаева 4 орынға жайғасқан. Америкалық Forbes отбасының ауқатын 6,4 млрд долларға теңейді.

Бұрынғы Кеңес үкіметінен шыққан миллиардерлер ішінде Петр Келлнер (Чехия), Зигмунт Солорц (Польша), Иван Чренко (Словакия), Ивица Тодорич (Хорватия), Лоринк Месарош (Венгрия), Владимир Потанин, Андрей Мельниченко, Аркадий Ротенберг, Олег Дерипаска (Ресей) бар.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x