Мұқамеджан дінді саясатқа қолжаулық етті

Dalanews 03 қаз. 2019 15:48 212

Күштік құрылымдардың алдында діннен дәріс өткізіп, билік пен қоғамға қатысты ой түйіндеген Мұқамеджан Тазабековке дінтанушы Қайрат Жолдыбайұлы жауап қатты хабарлайды Dalanews.kz.

"Мұқамеджан! Әркім өзінің табиғаты мен сана сезіміне қарай әрекет етеді. Адам не айтып, не істесе де өзіне істейді.

Бірақ өтініш, сасық саясатың мен жағымпаздығыңа асыл дінімізді араластырмашы.


Ақсақалыңды сақалынан сүйреп, ақ орамалды әжеңнің құймышағынан тебесің бе, ол сенің шаруаң, сенің жеткен жерің.

Қағбада адамдарға кедергі келтіріп, намаз оқығандарға полиция бір рет ескерткеннен кейін құймышағын сындыра жаздайтындай етіп, құйрығынан қатты тебеді депсің. Тепсе адамгершіліктен айнып, патшасына табынып отырған саудияңдағы кейбір полицияларың тебетін шығар.

Бірақ мұндай айуандықты ислам тұрмақ, көкрігінде азғантай адамдығы бар кез-келген адам жасамайды.

Жасай да алмайды.

"Бұған бүкіл ислам ғұламалары пәтуа берген" - деп айды аспаннан бірақ шығарыпсың.

"Адамдарға кедергі келтіріп намаз оқыған адамды құймышағын сындыратындай етіп тебуге болады" - деген хайуани әрекетті қай ғұлама құптапты?

Бүкіл ислам әлемі ғұламаларын былай қойып, бір ғалымның атын аташы! Айта алмайсың. Өйткені бұл қып-қызыл өтірік. Ендеше діннің атын жамылып өтірік айту, дінді саясатқа қолжаулық ету ауыр күнә!

Дінімізді сүйкімсіз етіп көрсетуге, халықты діннен бездіруге сенің қандай хақың бар?! Сасық саясатыңды, жеркенішті жағымпаздығыңа дінді араластырмашы! Өтініш!" – дейді Қайрат Жолдыбайұлы. 

 

Редакциядан: Бір сағат бұрын жазылған жазбаны дінтанушы парақшасынан өшіріп тастаған екен. Алайда біз бұл жазбаның скриншотын сақтап үлгерген едік.

Нет описания фото.

https://youtu.be/faMOKtFLCg0

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x