Самат Әбіш тергеуде сөйлей бастады. Енді тағы бірнеше тұлғаға тықыр таянбақ - DALA INSIDE

Dalanews 26 қаң. 2024 09:57 4324

Ұлттық қауіпсіздік комитетінде Самат Әбішті тергеу өте сәтті өтті деп хабарлайды Dalanews.kz DALA INSIDE телеграм арнасына сілтеп.

Назарбаевтың жиені Кәрім Мәсімовтың барлық тірліктерімен қоса, Қаңтар оқиғасына кімнің қалай араласқанын, шенеуніктер мен олигархтардың сол күндері шетелге ақшаны қалай шығарғанын, бір сөзбен айтқанда толық схеманы жайып салған.

"Енді біраз экс шенеуіктер пен олигархтардың үстінен қылмыстық іс қозғауға негіз бар. Самат Әбіш тергеуге құнды ақпарат берді", - дейді, DALA INSIDE дереккөзі.


Осы құнды ақпараттың ішінде Болат Назарбаевтың баласы Нұрбол Назарбаев пен Қайрат Сатыбалдыға қатысты біраз компромат бар. Қайрат Сатыбалдының абақтыда екенін ескерсек, енді "Жаңа Қазақстан" Нұрбол Назарбаевпен айналысатынын болжауға болады.

Кем дегенде Нұрбол Назарбаевқа рейдерлік және салықтан жалтару баптары бойынша айып тағуға материалдар дайын. Келесі аптада осы сұрақ бойынша жабық консультациялар басталады.

Болат Назарбаевтың империясын күйрету марқұмның қырқынан кейін жоспарланған болатын. Белгіленген мерзім өткендіктен, заңсыз активтерді қайтару бойынша комиссия Бөкеңнің барлық балаларындағы және таныс-жұрағатындағы активтерді тексеруге көшті. Болат Назарбаевтың артында 9 заңды баласы, одан бөлек онға жуық заңсыз бала қалды. Оның ішінде бәйбішенің ұлдары - Нұрбол мен Ербол Назарбаевтардың қолдары ұзын және барынша көп дүниеге таласы бар. Сондықтан мемлекет оларға көбірек көңіл бөлетін болады.

https://dalanews.kz/news/98691-almatyda-myna-turgyn-uylerden-pater-s

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар