"Самұрық-Қазына" қажет пе?

Dalanews 16 нау. 2015 06:55 279

«Зейнетақы қорынан қарыз сұраймыз... Сұрауды ойластырып отырмыз» деген «Самұрық-Қазына» әл-ауқат қорының төрағасы Өмірзақ Шөкеев осы арқылы еліміздегі мемлекеттік активтерді біріктірген жалғыз холдингтің жағдайы мүшкіл екенін аңғартып алғандай.

«Оның (Шөкеев) жұрттың зейнетақысына қол сұғатын қандай құқы бар?». «Бұл не үшін қажет? Дағдарыстың қиындығын көтереді деген «Самұрықтың» өзі мұндай күйде, ендеше, өзгелерден не күтеміз?». Елдің тарапынан түскен сауал көп. Жалпы, соңғы кездері қорға қатысты сын үдеп тұр.

 10 млрд $  қашан қайтарылады?

720330220dcb99363793d843934Жыл басында Мемлекет басшысының қабылдауында болған Қор төрағасы Шөкеев Назарбаевтың бұйрығын мұқият тыңдады. Елбасы оған Қордың 2015 жылғы жұмыс жоспарын қайта қарап, арнайы дағдарысқа қарсы бағдарлама әзірлеуді тапсырды. «Шығынды азайт!» деді.

Шөкеев өз тарапынан қор өнімнің өзіндік құнын 7,8 пайызға, ағымдағы және әкімшілік шығынды 20 пайызға және инвестициялық бағдарламаларды 18 пайызға азайтатынын айтты. Алайда, айту бөлек те, оны орындау өз алдына.

Айталық, отандық банктердің құрдымға кетуіне жол бермеген Ұлттық қордың 10 млрд доллары қашан қайтады қазынаға? Одан бұрын, мұншама мол қаржы қайта кетті? Мұны қарапайым халықтың білуіне болар ма екен? Бұған Ұлттық банк басшылығы ғана емес, әл-ауқат Қорының менеджерлері де жауапты екенін жақсы білеміз.




 

 Жыртық-тесігін жамайды...

[caption id="attachment_9747" align="alignright" width="199"]Ғалым Байтұқ Ғалым Байтұқ[/caption]

«Самұрық-Қазына» Біріңғай жинақтаушы зейнетақы қорынан қарыз алып жыртық-тесігін жамамақшы», – дейді еліміздегі блогерлер қауымдастығының президенті Ғалым Байтұқ.

– Мен, Қайрат Келімбетов сияқты суперқаржыгер емеспін. Бірақ, бұл жайт миыма сыймайды. Зейнетақы қорының жағдайы онсыз да мәз емес. Енді келіп «Самұрық-Қазына» біздің зейнетақы жинағымызға ауыз салғалы отыр. Егер жекеменшік банктер 2008 жылы мемлекеттен алған 10 млрд (доллар!) қарызды әлі күнге қайтармағанын ескерсек, ендеше, дәл осы мемлекеттің құрылымы саналатын «Самұрық» бұл ақшаны мүлде қайтармай кетуі ғажап емес, – дейді ол.




 

 Сұрақ көп, жауап жоқ

[caption id="attachment_9748" align="alignleft" width="170"]Талғат Әбдіжаппаров Талғат Әбдіжаппаров[/caption]

Саясаттанушы Талғат Әбдіжаппаровтың пікірінше, қазіргі дағдарыс кезінде халыққа «Самұрық-Қазына» сияқты институттың қажеті жоқ.

– Ұлттық компаниялар халық қаржысының есебінен құрылған. Ендеше, олардың үстінен төніп тұратын тағы бір құрылымның қандай қажеті бар? Әр ұлттық компанияның өз жоспары, даму стратегиясы бар.

 Анығы, қазіргі жағдайда «Самұрық» өзіне жүктелген міндетті ойдағыдай орындай алмай отыр. Айталық, Оңтүстік Кореядағы «Дэу», «Хенде» сияқты корпорациялар елді жаңа даму деңгейіне шығарды. «Самұрық Қазына» мұндай дәрежеге жетеріне сенбеймін. «Сондықтан бұл қор бізге қаншалықты қажет?» деген сауалды төтесінен қою керек, – дейді сарапшы.  




 

 Шығын шаш етектен

[caption id="attachment_9749" align="alignright" width="183"]10620548_732910110107476_3780450035873726404_n Ғалым Құсайынов [/caption]

Бірқатар мамандар: «Дәл қазір қордың кірісінен шығысы көп» дейді. Экономист Ғалым Құсайынов мынадай деректерді алға тартты:

– Активтердің құнсыздануы салдарынан келген шығын 2013 жылы 232 млрд теңгені құрады. 2012 жылғы шығын мөлшері де осы шамалас.  Қордың негізгі мақсаты – активтердің бағасын көтеру еді, бірақ, керісінше, құнсызданып барады...

2013 жылғы әкімшілік шығындар 379 млрд теңгені немесе 2,5 млрд $ құрады. Бұл 2012 жылға қарағанда 10 пайызға (!) көп. Шығынның негізгі бөлігі жалақыға жұмсалған. Нақтырақ айтсақ жалақы өскен... Ал ақыл-кеңес алуға қор жылына 21 млрд теңге (140 млн. $) жұмсайды, – дейді маман.

2012 жылы қор шығынын азайтуды талап еткен Нұрсұлтан Назарбаев «кеңсе арасында қағаз тасумен айналысатын» қызметкерлердің санын қысқартуды қадап тапсырған. Босаған орындардың  есебінен айлық өсіруге тыйым салған еді.

– Қысқарту бұл үшін жүргізілмейді. Соның кесірінен кімді қысқартқандарың түсініксіз. Ақша үнемдегендерің де өтірік болып шығады, – деген еді Назарбаев.    




 

 Шөкеев: «Айлығымыз аз»

[caption id="attachment_9750" align="alignleft" width="291"]nichego_lichnogo Өмірзақ Шөкеев[/caption]

Қор төрағасы Өмірзақ Шөкеев қарамағындағы топ-менеджелердің қанша жалақы алатынын ашып айтпайды.

–  Иә, қор қызметкерлерінің жалақысы мемлекеттік құпияға жатпайды. Алайда, менеджерлердің жалақысын акционер, яғни, директорлар кеңесі анықтайды. Оларға қанша айлық қояры солардың еркінде.

Көшке ілесу үшін біздің айлығымыз да тиісті деңгейде болу керек. Біздің жалақымыз, халықаралық нарық, оның ішінде Ресейдегі әріптестерімізбен салыстырғанда 2 есе төмен.

Айлығымды ашып айтуға қорықпаймын, алайда, мұның қарапайым халыққа қандай қажеті барын білмеймін. Оның үстіне, ұжымдық мәдениетке сай біздің бұлай жасауға құқымыз жоқ, – дейді Шөкеев. 




 

 Жылдық жалақы 20 млн теңге. Аз ба?

seriksultanovБірақ сарапшылардың көпшілігі мұнымен келіспейді. «ФармМедИндустрия» қауымдастығының төрағасы Серік Сұлтановтың айтуынша, Астанадағы пәтер бағасы қордың топ-менеджерлерге асыра төлеген айлығының есебінен аспандап барады.

– Қор құрамындағы компанияда жұмыс істейтін  кейбір қызметкерлердің айлығы жылына 20 млн теңгеден асып жығылады, – дейді ол.

Бұдан бұрын қор қызметкерлерінің қанша жалақы алатыны халық қалаулыларын да «қызықтырған» болатын. Депутат Светлана Жалмағамбетова топ-менеджерлердің жалақысы айына 1,5 млн теңгені (тіпті, одан да жоғары) құрайтынын айтқан.

Қордың былтырғы жылғы есебінде «Самұрық-Қазына» қызметкерлерінің жалақысы шетелдегі дәл мұндай мамандармен салыстырғанда 4,8 есеге төмен және жеке қазақстандық компанияларға қарағанда 23 пайызға аз екені айтылған болатын. Алайда, ол жолы да қор басшылығы нақты жалақының мөлшерін ашып айтқан жоқ.




 

 Біз шетел емеспіз

Сарапшы Ғалым Құсайынов Қазақстанды шетелмен салыстыруға келмейтінін айтады.

– Айталық, қордың топ-менеджері айына 10 мың $ доллар алады делік, сыйақысы, басқа да бонустарымен айдың аяғында бұл сома  – 20 мың $ шығады. Шамамен 3,6 млн теңге. Ал қоғамдық көлік жүргізушісінің  айлығы 60 мың. Қырып табатын қор қызметкерінен 60 есе аз.

Батыста бұлай емес. Біріншіден, ол жақтағы автобус жүргізушісі 2000 $ доллар алады. Топ-менеджердің айлығы 30-40 мың $.  Арадағы айырмашылық 20 есе. 

Біздегі жұмысшы қор қызметкерінің қанша алатынын білсе, әсте, қуана қоймайды. Мұны Шөкеев те біледі...

Қазіргі күні «Самұрық Қазына» қорының ұйымдастырушылық құрылымында 2 төраға орынбасары, 12 басқарма директоры, 28 департамент пен дирекция және 2 өкілдік бар. 




 

Әзірлеген Думан БЫҚАЙ


 


 

ЖЕЛІ
Артур НЫҒМЕТОВ, саясаттанушы:

3wc6ldL78KCHBNbeH5VSRq6F0hpnK1– Жұмыс барысында шетелдік инвесторлармен әңгімелесуге тура келеді. Көпшілігі мұңын шағады. Шағымның дерлігі «Самұрық-Қазына» қорына бағытталған. Барлығы бірауыздан (шетелдік инвесторларды айтамын): «Самұрықты» неге қысқартпайды? Айналып келгенде, Үкімет бар, ұлттық компаниялар бар. Ендеше, бұл қор неге керек? Айталық, атом өндірісіне инвестиция салу туралы ұсынысым болса алдымен кімнің алдына барамын осы? Шөкеевке бұрылсам, Қаппаровтың қабағы түйіліп қалады. Қаппаровқа келсем, Шөкеев шүйлігуі мүмкін ғой. Қайсыбірінен қателестің екен, жазым басқаның, жетектегі жобаң құрдымға кетеді. Амал жоқ, ақыл айтатын адам жоқ, алдымен кімге кірерімізді білмей дал боламыз. Одан да қорды қысқартып тынса жөн болар еді», – дейді әлгі инвесторлар.   

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x