Cоңғы жаңалықтар
Back

Мемлекеттің Бодрумдағы қонақ үйіне кеншілерді демалдыру туралы ұсыныс айтылды

Кезінде «ҚазМұнайГаз» компаниясына Тимур Құлыбаев әмірі жүріп тұрғанда Түркияның Бодрум қаласынан бес жұлдызды Kempinski деп аталатын қонақүйді сатып алған-ды. Қаңтар оқиғасынан кейін Жаңа Қазақстан құрылып, Құлыбаевтар биліктен шететілгеннен кейін Бодрумдағы бес жұлдызды қонақүй мемлекеттің меншігіне айналған болатын.

Бүгінде «ҚазМұнайГаздың» басты акционері саналатын Үкіметіміз әлгі қонақүйді сата алмай. Ит әуреге түсуде. Бұл жайында ақпарат құралдары талай рет жазған болатын.

Күні кеше ғана ҚР Қаржы министрі Ерұлан Жамаубаев журналистермен бетпе-бет келгенде журналситер сатып алушысын табылған бес жұлдызды қонақүй мәселесін тағы да қозғапты.

Өз кезегінде Қаржы министрі мемлекет балансындағы қонақүйді сата алмай отырғанын жасырмай айтты.

Журналистер министрліктің Борумдағы Kempinski қонақүйін қандай жолмен сатуға әрекеттеніп жатқанын сұрағанда, Жамаубаев электронды сауда алаңына шығарғандарын, бірақ алушының табылмағанын тілге тиек етті. Осы ретте журналистер:

–  Қаржы министрлігі аталған қонақүйді сата алмаған жағдайда, бес жұлдызды қонақүйге еліміздегі кеншілерді апарып, тегін демалту ойы жоқ па? – деп сұрақ қойды. Бұған министр:

– Ұсынысыңыз жақсы екен, қарастырамыз, – деп сұрақтан оңай құтылды. Бұдан кейін әріптестеріміз:

– Бізде қарапайым жұмысшыларды бес жұлдызды қонақүйге апарып, демалтатын мүмкіншілік бар ма? – деген сұрағын Жамаубаев жауапсыз қалдырған жоқ.

– Күн өткен сайын кез келген ғимараттың тозатынын ұмытпауымыз керек. Сіздер сөз қылып отырған нысан кезінде бес жұлдызды қонақүй болса, болған шығар. Бірақ одан бері талай уақыт өтті ғой. Өз басым ол қонақүйді көрген емеспін.

Қонақүйдің сатып алушысы табылмай жатқанына қарағанда оған жөндеу жұмыстары қажет болуы мүмкін. Қонақүйдің қандай күйде тұрғанын нақты білу үшін оған инвентаризация жасау керек, – деп бір түйді.

Көзге шыққан сүйелдей болған Бодрумдағы қонақүйді не сатып, болмаса мұнайшылардың тегін демалып қайтатын нысанына айналдыру керек.

Тағы оқыңыз:

Мерейлі отбасы. Металлург отбасы ШҚО үздігі атанды

Сарыағаштағы Жемісті ауылының тұрғындары көшет өсіруді кәсіпке айналдырған