Қоғам қайраткері Құлыбаев мен Мәсімовтың "жемқорлық аферасын" жария етті

Dalanews 07 мау. 2023 07:50 451

Dalanews-тің хат қоржынына белгілі қоғам қайраткері Ауыт Мұқибектің "Құлыбаевтан және оның адамдарынан құтылмайынша, тоналғанымыз тоналған..." деген мақаласы келіп түсті. Мұнда Назарбаевтың күйеубаласы мен ҰҚК-ның экс-төрағасы Кәрім Мәсімовтың "жемқорлық аферасы" баяндалған екен. Мақаланы осы қалпында оқырман назарына ұсынғанды жөн көрдік. 

Қазақстан Республикасы


Президентінің кеңесшісі


Бауыржан Омаровтың назарына!


 

Бұған дейін Борейкоға сұхбат берген экс-премьер «активтерді қайтару туралы заңға Құлыбаевтың адамдары араласты» деген болжам айтқан. Әкежан Мағжанұлының пайымдауынша, «Тимурдың командасы» аталған заң жобасын сұйылтып жіберуге мүдделі.

«DALA INSIDE» осы тарапта тәуелсіз зерттеу жүргізуге тырысыпты.

«Шеттегі активтерді қайтару туралы» заңның «черновигін» қолмен ұстап, көзбен көргендердің бірі - Рустам Жүрсінов.

Аталмыш заң Мәжіліс талқылауына түспей тұра Жүрсіновтың қолынан өткен.

Сосын, Заңсыз капиталды елге қайтару мақсатында құрылған комиссия құрамында Бас прокурордың орынбасары - Ұлан Байжанов бар. Құрылымның елеусіз мүшесі емес, осы комиссия төрағасы Тоқаевтың білдей бір «зам-ы».

Біз сөз өткен Жүрсінов пен Байжанов та «күйеубаланың» сыралғы серіктері. Құлыбаев "ҚазМұнайГаздың" орынбасары қызметін атқарған 2000-шы жылдары аталған жұп карьералық баспалдақпен қарыштап көтерілді.

Мен бұл ақпаратты «DALA INSIDE» телеграм каналынан алып отырмын.

Оразалі Ержанов ағамыздың аталған заң туралы алаңдайтын жөні бар екен.

...

Ал, осы ақпаратты оқыған соң, менің ойыма Мәжілісте талқыланып жатқан «Қазақстан Республикасындағы жергілікті өзін-өзі басқару туралы» заңының жобасы түсті.

Мен білетін Ауыт Мұқибек

Аталған заң аясында аудандық маңызы бар қала, ауыл, кент, ауылдық округ әкіміне тағы үш құзырет беруді ұсынып, Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновке үш хат жаздым.

Сол Олжас Бектеновтың атына жазған хаттарым иесіне жетпей, Үкіметке, үш министрлікке қайта-қайта лақтырылуда.

Бір қуаныштысы, сол хаттарымның біреуіне Ауыл шаруашылығы вице-министрі Ербол Тасжүрековтен «Қолданыстағы субсидиялау жүйесін реформалаудың бірнеше нұсқалар дайындалды, олар жұмыс тобының отырыстарында бірнеше рет талқыланды. Түбегейлі реформалаудың барлық ұсынылған нұсқаларын агробизнес өкілдері қолдамады, фермерлер қауымдастығы қолданыстағы субсидиялау жүйесін сақтауды талап етті» -деген жауап алдым.

Вице-министр Ербол Тасжүрековтың маған жазған жауабында айтуынша, субсидиялау жүйесін реформалау туралы, бекер обалы кәне, Қасым-Жомарт Тоқаевтың өзі тапсырма беріпті.


Ол аз десеңіз, «2019-2021 жылдары өнім өңдеуге берілген субсидияны алайық. Бұл қаражаттың тең жартысы субсидия алам деушілердің 10 пайызының ғана қолына тиген; Субсидия алған кейбір пысықайлар өндірісті өркендетудің орнына бюджет қаржысын қалтасына басып, шалқып өмір сүрген. Ал қарапайым шаруалар үшін субсидия алу – қияметтің қиыны...» - деп, Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаевтың 2023 жылғы 19 сәуір күні еліміздің әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңейтілген кеңесте тіліп тұрып айтқан жоқ па?!!

Сол Президент тапсырмасына сай, Ауыл шаруашылығы министрлігі  агроөнеркәсіптік кешенді мемлекеттік қолдауды жетілдіру жөніндегі жұмыс тобы құрып, оған салалық қауымдастықтар мен одақтардың, агробизнестің, ғылымның, мүдделі мемлекеттік және жергілікті атқарушы органдардың, Қазақстан Республикасы Парламенті Сенаты мен Мәжілісінің депутаттарының өкілдерін кіргізіпті. Сөйтіп, жұмыс тобының 9 отырысы өткізіп, онда субсидиялау жүйесін жетілдіру тәсілдері талқылапты.

Көрдіңіз бе, агробизнес өкілдері мен фермерлер қауымдастығы президент Тоқаевтың тапсырмасын орындатпай, субсидиялау жүйесін баяғы қалпында қалдырғысы келіп отыр.

Агробизнес өкілдері мен фермерлер қауымдастығының артында кім тұр?!

Әрине, атақты «162 ауқатты адам» тұр.

Қысқасы, қолданыстағы субсидиялау жүйесі де Тимур Құлыбаев пен Кәрім Мәсімов басында тұрып жасаған «жемқорлық афера»!


Ал, оған қарсы тұрып, батыл реформа жасауға Үкімет те, Президент Әкімшілігі де «дәрменсіз».

Себебі, онда да Құлыбаевтың кісілері отыр. Көріп отырсыздар, олар жазған хаттарымыз бен ұсыныстарымызды Президентті қойып, Президент Әкімшілігінің басшысы Олжас Бектеновтің өзіне жеткізбей, жан-жаққа лақтыруда.

 

Ауыт МҰҚИБЕК,


         «Құрмет» орденінің иегері


07.06.2023


Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
ТЕЛЕ2 - БАСТЫҚ1
22 сәу. 2024 18:05
x