М. Мағауин. Мараттың Мұратха хаты

Dalanews 02 ақп. 2015 00:30 328

Бүгін қазақтың біртуар жазушысы Мұхтар Мағауин 75 жасқа келді. Қазақ руханиятының қазынасына айналған қаламгердің шығармашылығы күллі түркі дүниесінің ерен байлығы іспеттес. Оның әр шығармасына ұлттық рух пен түркілік намыс өзек болып, түп тамырымызды табуға жол сілтейді. Төменде "Жармақ" романынан шағын үзінді беріп отырмыз.

...Сен білетін қазақ өткен заман қазағы. Рас, ер болды, мәрт болды. Ел болды. Бірақ ол қазақ Кенесары-Наурызбаймен бірге өлген. ХХ ғасырға жеткен жұқанасы, яғни кеудеде қалған кісілік пен намыстың ең ақырғы жұрнақтары 1932 жылғы ғаламат ашаршылықпен бірге тозды.

[caption id="attachment_8968" align="alignleft" width="204"]Мұхтар1 Жазушының жас шағы[/caption]

Одан соңғы қазақ – мүлде басқа жұрт, басқа ұлт. Асып кеткенде, өткен қазақтың жармағы ғана. Сенің түсінбестігің сонда. Түсінбестігің ғана емес, трагедияң. Сен бағзы тарихтан таныған ежелгі ғұн, түрік дәуірі, оған тете Алтын Орда, оған жалғас Қазақ Ордасының елесімен жүрсің. Бүгінгі қазақ – сол қазақ, қаны бір, жаны ортақ, тек заманы басқа деп ойлайсың. Ал мен өткен тарихтың жалпы сұлбасын біле тұра, ой-пікір, байып-толғамым бүгінге бейім, бүгінгі қазақты нақты танып, зерттеп танығандықтан, сен сияқты елес, ой-қиялдағы қазақ емес, өзімізбен қатарлас өмір сүріп, тірлік кешіп жатқан ел-жұртымыз туралы мүлде кереғар қорытындыға келдім. Сенімен бірлес кезімде: баяғыда солай еді, енді неге бұлай деген күмән тұратын көкіректе; тымырсық архивтен кетіп, тар қаладан кең дүниеге шыққан, қазақтың қайнаған ортасы, жаңа өмірге бойлай енген соң, заман оза келе, неге бұлайын ғана емес, нақты қандайын да қапысыз таныдым. Әлемдегі ең сорлы, ең қор халық екен. Ақылдың аздығынан, қажыр-қайраттың кемдігінен емес.
Жеріңнің асты мен үстіндегі бар байлық талапайға түсті. Қарақшы болса да қазақ алса жөн ғой. Билік басында отырғандар азды-көпті параға түгелдей жат жұрттық жалмауыздарға өткізді. Жүз есе кеміс бағамен, тегінге жақын. Обал-сауапқа, аруақ, құдайға қараған жоқ. Тым құрса, қолда тұрғанда өздері алсайшы. Бірінің екіншісіне беретін бастырық ақшасы жетпеді, екіншісі – үшіншісі байып кетеді деп қорықты.

Күні біткен, болашағы жоқ халық екен. Білімнің олқылығы, қабілеттің төмендігінен емес. Ақыл да, қабілет те, күш-қайрат та жетерлік. Пайым, парасаты да артығымен. Жетпейтіні – бір-ақ нәрсе, өкінішке қарай, ең басты нәрсе. Арбаның күпшегі, қораның тіреуі деген сияқты. Бүгінгі тілге көшірсек, машинаның моторы, ұшақтың қанаты дегендей. Оның аты – ұлттық сана. Ұлттық сана жоқ қазақта. Жалғызға емес, жалпыға тән, сүйекке сіңген, қалыпты сыпат. Және назары мен қажыры күнкөріс, тіршілік соңында кеткен бұқара жұрт қана емес, ұлттың бетке шығар кісілері: биліктегі, бизнестегі, саясат пен шаруашылықтағы алпауыттарың тұрыпты, зиялы аталатын, елдің қамын жеуге тиіс – ғылымдағы, өнердегі, мәдениет пен әдебиеттегі тарланбоздарың түгел ұлтсыздық дертіне шалдыққан. Қайталап айтайын, қазақта ұлттық сана деген атымен жоқ. Қалған барлық пәле осы жалғыз-ақ кінәраттан туындайды.
Мен өткенді араға тартпаймын. Жарайды, отар болыпсың, кіріптар болыпсың. Бәрі сырттан, жоғарыдан шешіліпті, мұндағы қуыршақ үкіметіңе отарлаушы, өктем халыққа бейім ғана емес, исалмас, тіпті, өз жұртына жау кісілер тағайындалыпты, еріксіз ел амалсыздан бәріне көніпті. Қазір бас билік қазақта. Ал, не болды? Жеріңнің асты мен үстіндегі бар байлық талапайға түсті. Қарақшы болса да қазақ алса жөн ғой. Билік басында отырғандар азды-көпті параға түгелдей жат жұрттық жалмауыздарға өткізді. Жүз есе кеміс бағамен, тегінге жақын. Обал-сауапқа, аруақ, құдайға қараған жоқ. Тым құрса, қолда тұрғанда өздері алсайшы. Бірінің екіншісіне беретін бастырық ақшасы жетпеді, екіншісі – үшіншісі байып кетеді деп қорықты. Сөйтіп, қазақтың неше мың жыл бойы сақтаған, енді неше мың жыл бойы ұрпағыңды бақытқа жеткізер қисапсыз байлығы далаға кетті. Өзінен қызғанғаны өзгеге бұйырды. Мұндағы біздерге жұғын, қаспағы ғана тиді. Қазынаның бір шетінде жүрген бізге. Қалған қара қазақ тақырға отырды. Ендігі сыбағасы – мың жылдық құлдық. Әуелгі жүз жылға аман жетсе. Жетпейді. Кеткен кенің, таланған қазынаңа салауат. Енді табан астындағы қара жеріңнің өзі саудаға түскелі тұр. Жерді сату туралы мәселе көтеріліп жатқанынан хабардар шығарсың. Әзірше қабылдап үлгерген жоқ, бірақ сөзсіз жүзеге асады. Манағы ер қазақ мың жыл бойы қан төгіп қорғап келген, кейінгі ұрпағына мирас қалдырған қайран жер түгелдей жеке меншік бөліске түседі. Қазіргідей, үй салатын, бақшалық, шағын кесіммен емес, тауың тұтасымен, орманың орамымен, көлің көлемі, өзенің ұзына бойымен заңсыз телімге түсіп, кең далаңның дал-дұлы шығады. Әрине, қазақ үшін емес. Ұлтарақ тисе тәуба айтарсың. Ең шұрайлы, ең құйқалы, құнарлы қоныстарың түгелдей орыс-орман, жойыт-жебірге бұйырады. Шешім шығарған кім, бөліске салған кім? Азғана пайданы ойлап, мың жылдық ұрпағының болашағын кескен қазақтың өзі. Билік дерсің. Отарлық, жат жұрттық билік емес қой. Егемен деп аталатын елдің өз иелері. Қазақ. Ал, не айтасың? Саудаңның шынымен біткен жері осы. Енді нең қалды? Дінің мен тілің бе? Мұсылман болып жарытпаған қазақ қазір христиан дінін қабылдап жатыр. Кришнаит болып жатыр. Ешкім зорлаған жоқ. Өз қалауы, өз еріктерімен. Азып-тозудың бұдан артық қандай көрінісі болуы мүмкін? Ал тілдің мәселесі тіпті қиын. Әлемде өз тілінен безген жалғыз жұрт болса, ол – қазақ.

[caption id="attachment_8969" align="alignright" width="450"]photo Қазақ ойының қатепті қара нары[/caption]

Ана тілін тіршілікке қажетсіз деп санайды. Сондықтан, баяғыда орыс, енді ағылшын. Тума тілін білгісі келмейді, білсе тезірек ұмытуға тырысады. Жай ғана жерімеген, керек десеңіз жиренеді. Заттық және рухани қайыршылық үстінде отырып, соншама астам. Жалпақ жұртыңыз. Ал қазіргі «қазақ элитасының» жаңа әулеті өз ұлтын сыйламақ түгілі, қазақ атануды намыс көреді. Сен білесің бе, шет елге, республика қаражатымен, «Болашақ» атты арнайы бағдарлама бойынша, – Америкасы бар, Англия, Франция, Германиясы бар, әлемнің ең таңдаулы университеттеріне оқуға жіберілген, бес, он емес, бірнеше жүз қазақ жасының осы жақында ғана қандай мәлімдеме жасағанын?
Дерексіз аруақ, тіпті, көпшілігі өмірде болмаған елестердің бүгінгі «алыптарға» ешқандай бөгісіні жоқ. Яғни, тақыр-таза жерде тау тұрғызу қиын емес. Өстіп, егемен заманның ерекше тұлғалары қалыптасты. Айқай, ұран, құр кеуде. Не ақыл жоқ, не білім жоқ, не түйсік, не ұят жоқ. Және қалай айтсаң да, қазіргі жұртыңа лайық. Ой өрісі де, ұғым-таным деңгейі де, адамдық қалып, моральдық ұстанымы, өткен мен бүгінге көзқарасы да.

Қазақ ұлтшылдары, яғни мына сен талап етіп жүргендей, Қазақстанда мемлекеттік тіл ретінде қазақ тілі күшіне енетін болса, біз мұндай отанға қайтып оралмаймыз деген. Міне, сенің ең тәуір болашағың. Ал енді ұлттың ұйтқысы болуға тиіс, сырттан шынында да солай көрінетін қазақ интеллигенциясы, өз тілдерімен айтқанда, «зиялы қауымға» келейік. Шыңыраудың түбінде жатқан, нағыз қорыс батпақ осы емес пе. Бос шулағаннан басқа не бітіріпті. Шуының өзі берекесіз, үзік-жыртық. Ештеңенің байыбына бармайды, ештеңені байыздап ұқпайды. Өкіметтің қыбын қалай табамыз дегеннен басқа қам-қарекеті жоқ. Дәрменсіз ғана емес, жалтақ. Тым құрса, өз бастарын қорғай алмайды. Күнкөрісі төмен екен. Кім кінәлі? Өздері. Жабыла мақтағанша, жапырлап сұрамай ма тиесілі сыбағасын. Сұрау тұрыпты, талап қоймай ма. Жоқ. Үйшік алдында бұратылып жатыр. Байлауда, аш ұстаған қожайынға жағынып, құйрығын бұлғаңдатқаннан басқа, ара-тұра көлденең өткенге шәу-шәу үріп қойғаннан басқа қандай тіршілігі бар? Мейлі, дәрменсіздігі заманнан дейік. Ұлттық мәселелерді көтере алмаса, білімсіздігі дейік.
Кезінде Ахаң мен Жақаңды қалай құртты. Мағжанның түбіне қалай жетті. Мұхаңды қалай қудалады. Тоталитарлық система дерсің. Сол системаның сенімді қаруы кім еді? Мағжанның, Мұхаңның ұлтшылдығы туралы мақалаларды орыс жазып па, қайта, қорғаған сол орыс емес пе – бірін түрмеден шығарды, екіншісін мұратына жеткізді.

[caption id="attachment_8970" align="alignleft" width="448"]МАГАУИН1 Алаш ардақтыларының жалғасы - алтын рух иесі[/caption]

Бірақ адамдық кескіні қайда? Ұлт үшін, ұлттық рух, ұлттық мәдениет үшін жанқияр еңбек етіп жүрген бірлі-жарым азаматтарға жаппай топырақ шашуын қалай бағалаймыз? Кезінде Ахаң мен Жақаңды қалай құртты. Мағжанның түбіне қалай жетті. Мұхаңды қалай қудалады. Тоталитарлық система дерсің. Сол системаның сенімді қаруы кім еді? Мағжанның, Мұхаңның ұлтшылдығы туралы мақалаларды орыс жазып па, қайта, қорғаған сол орыс емес пе – бірін түрмеден шығарды, екіншісін мұратына жеткізді. Енді, отарлық заманды ұмытып, егемен күніңе келейік. Құлдар билікке жетті. Билік арқылы байлыққа кенелді. Кешегі, қарғыда өскен сатымсақ партноменклатура және олардың сырқат саналы үрім-бұтағы ғана емес. Өткендегі науқаншыл жандайшаптар мен жаңадан күш тапқан әрқилы авантюристер. Оларға ұлт емес, ұлағат емес, ордалы тұғыр, қордалы байлық қана керек еді. Бар мақсаты оңынан түсті, ойына келгенін жасады, ойрандап бітті. Дәл сондай таным, сондай пиғылдағы, бірақ билікке иектемей, байлыққа ілінбей қалған пақырлар не істеуі керек? Сататын, өткізетін ештеңесі де жоқ, қазақтың аты мен затынан басқа. Өткен тарихы, рухани қазынасынан басқа. Олар да топырлы дуға араласты. Билік пен байлыққа жағу үшін, өздерінің де кісі екенін әйгілеу үшін. Яғни, бұрын ештеңе де болмады, тарих та, мәдениет те бізден басталады демек. Баяғы Октябрь төңкерісінен соңғы құл-құтанның ұраны бойынша. Ата-қазақтағы ұлы тұлғалардың бәрі мансұқ етілді. Ойшылдарың – қияли, ақылманың – наркоман, ғұламаң – сатқын деп жарияланды. Ешқандай теріс айғақ, қиғаш дерек болмаса да, бәрі кәкәй. Есесіне, әр ауыл, әр аймақтан жаңа тұлға, ақын, батыр, әулиелер ойлап табылды. Дерексіз аруақ, тіпті, көпшілігі өмірде болмаған елестердің бүгінгі «алыптарға» ешқандай бөгісіні жоқ. Яғни, тақыр-таза жерде тау тұрғызу қиын емес. Өстіп, егемен заманның ерекше тұлғалары қалыптасты. Айқай, ұран, құр кеуде. Не ақыл жоқ, не білім жоқ, не түйсік, не ұят жоқ. Және қалай айтсаң да, қазіргі жұртыңа лайық. Ой өрісі де, ұғым-таным деңгейі де, адамдық қалып, моральдық ұстанымы, өткен мен бүгінге көзқарасы да. Үйлес төбешіктердің ішіндегі шоқысы. Қажетті сұраныстан туған еріксіз тауар. Ел-жұртыңның қалауы мен тілеуінің нақты көрінісі. Жалпыға тән жамандықтың шіріген шикі жемісі ғана. Ал сен бар пәлені өзі де құрбан болып есептелуге тиіс, орайлы жолмен бақ қуған әумесір сорлыға апарып жапсырасың. Мәселен, күні кешегі, саған тікелей қатысты, қаншама айқай болған, тарих төңірегіндегі әңгіме. Сені сотқа тартуды, жұмыстан шығарып, шет елге қууды талап еткен «еңбекші» қауымға өкпе жоқ екен, – ұқпапты, білмепті, сөзге еріпті. Ал ұлттық парламенттің ғұзырлы жиырма сегіз депутатын, әрқайсысы әр салада үлкен атақ, абыройға жеткен он бес академикті, ананың да, мынаның да ішінде бөтен ешкім жоқ, бәрі де қазақ, сол, қырық бірдеңе кісі – егемен еліңнің бетке шығар азаматтарын қазақта тарих болмады, Әз-Жәнібектен Абылайға дейінгі барлық хандарың қазақ емес, моңғол, бұл халықта бізге дейін тиесілі территория да, тәуелсіз мемлекет те болған жоқ деп жұлқындырған кім? Иә, ұйымдастырушысы бар, бірақ нұсқаушы, мәжбүрлеуші емес қой. Өз еріктері, өздері. Не күн туыпты бастарына? Жарайды, бүгін көңілдеріне жақпаған әлдекімдерді мұқату, жеккөрінішті, сұмырай қылып шығару қажет екен. Сонда әлгі кісімен бірге өткендегі бүкіл қазақ тарихын мансұқ ету шарт па еді?..
(М. Мағауиннің «Жармақ» романынан

үзінді)

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x