Премьерден бастап, ауыл әкімдеріне дейін жұмыс стильдерін өзгерту керек – Ерлан Сайров

Dalanews 24 сәу. 2023 01:12 1192

ҚР Парламенті Мәжілісінің депутаты Ерлан Саиров Президент Тоқаев Үкіметтің кеңейтілген жиынын өткізгеннен кейін көкейде жүрген түйдек-түйдек ойын әлемжеліге төгіп тастапты. Халық қалаулысы бүгінде шикізат сатуға бағытталған экономикалық өсім өзінің потенциалын жоғалтқанын айта келе, экономикалық даму ат төбеліндей топтардың шексіз баюын емес, барша халықтың әл-ауқатын артуына бағытталуы тиіс екенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Қазақстанға экономикалық дамудың жаңа өрісі, бағыт-бағдары қажет. Ол технология, ноу-хау, өнеркәсіптің бесінші бөлінісіне сәйкес болуы керек.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың бүгінгі Үкіметтің кеңейтілген отырысында жасаған баяндамасының басты аспектісі осы.

Дүниежүзі экономикасы бүгінде түбегейлі трансформацияға ұшырауда. Еуропа елдері, АҚШ-та, инфляция деңгейі  тарихи максимумға жетіп, 10-пайызға жетіп отыр.


Дәстүрлі логистикалық магистральдар, технологиялық байланыстар үзіліп жатыр. Әлемдік экономикажеке-жеке «квартираларға» бөлініп, экономикалық кедергілер көбеюде. Осындай кезеңде Қазақстан өзінің экономикасын дамытудың жаңа ішкі резервтерін табуы қажет.

Сондықтан Қасым-Жомарт Тоқаев «кәсіпкерлік лифтілер» жөнінде жаңа міндет қойып отыр. Бізге жаңа форматтағы озық технологияларды пайдалануға қабілетті, заманның экономикалық ағымын түсінетін, патриоттық негіздегі бизнес өкілдерін баулу маңызды.

ІЖӨ кіші және орта бизнестің мөлшерін арттыру ең басты аспект!

Президент мемлекеттік қызметкерлер "реформатор-мемлекетшіл" болуы тиіс деп атап өтті. Бұл мәселе Премьер-Министрден бастап, ауыл әкіміне дейін жұмыс стильдерін өзгерту керек деген сөз.

Осы тұрғыда, Президенттің "әкімдер жаяу жүруі керек" деген сөзін кеңірек қарастыру маңызды. Халыққа жақын болу, халықтың мұң-мұқтажын терең сезінуі тиіс.

Экономикалық даму ат төбеліндей топтардың шексіз баюныа емес, барша халықтың әл-ауқатын артуына бағытталуы тиіс.


Сондықтан, халықтың әл-ауқатын арттыруды халықтың творчестволық потенциалын арттыра отырып, экономиканы диверсификация жасап, ұлттық өсімнің ішкі резервтерін арттыру керек.

Басқа жол жоқ!

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар