Сара Алпысқызы Назарбаевтың тегінен бас тартқан ба?
Назарбаевтың жұбайы көптен бері көпшілік алдына шықпаған еді. Ресми шаралар мен сайлау кезінде де дауыс беру кезінде де Сара Алпысқызы көрінбеді. Shishkin_like телеграм-каналының жазуынша, Сара Алпысқызының Назарбаев тегінен бас тартқанын жазды.
Дереккөздің жазуынша, Нұрсұлтан Назарбаев пен Сара Назарбаеваның некесінің бұзылғаны туралы ресми ақпарат ешқашан болмаған.
Нұрсұлтан Назарбаев қорының ресми сайты мен тұңғыш президенттің ресми сайтында Сара Алпысқызы бұрынғыдай бірінші президенттің әйелі.
Бұрынғы президенттің әйелінің атында «Назарбаева Сара Алпысовна» ЖК тіркелген, ал оның басшысы ретінде Қонақай Сара Алпысқызы деп көрсетілген.
Сара Алпысқызы 2005-2012 жылдар аралығында тегін өзгерткен деген болжам бар.
2005 жылы ол әлі де Назарбаев тегінде болды, өйткені күйеу баласы Тимур Құлыбаев басқарған «Almex Holding Group» АҚ-ның 2005 жылғы 19 қыркүйектегі еншілес ұйымдарының тізімінде Назарбаевтың атымен тіркелген.
Айта кетсек, оның Нұрсұлтан Назарбаевпен некедегі үш баласы бар: 59 жастағы Дариға, 43 жастағы Әлия Назарбаева және 55 жастағы Динара Кұлыбаева.
➡️ Қаңтар оқиғасы кезінде Дариға Назарбаева анасы Сара Алпысқызын ұмытып кеткенін білесіз бе? толығырақ сілтемеде:
Дариға Назарбаева Лондондағы зәулім сарайын сатып, тыныштық тапты
ШҚО-да “Қонақжай отбасы” жобасы арқылы балаларға қазақ тілін үйрету ісі қолға алынды
Петропавлда псевдоқозғалыс құрып, ел ішіне жік салғысы келген провокаторлар сотталды
Соңғы үш жылда 237 әскери қызметші қайтыс болған – Бас Әскери прокуратура