Бапи мен Құспанға Маккейннің жолын берсін!
Белгілі журналист, әріптесіміз Думан Бықай жаңадан сайланған Мәжіліс депутаттарына қатысты “Адырна” ұлттық порталына ойларын ортаға салды. Ол Ермұрат Бапи мен Абзал Құспанға сенім артуға болатынын алға тартты.
Мәжілісте көтерілетін мәселе көп. Сонын бірі – қазіргі елдің тұрмысы, инфляция мәселесі. “Смаилов үкіметі ауыздықтай ала ма?” деген мәселені көбірек қозғау керек. Себебі, жыл өткен сайын халықтың тұрмысы кері кетіп бара жатқанын да айта өтті.
Биыл Мәжіліске біраз тәуелсіз тұлғалар өтті. Әлбетте, өтпей қалған азаматтардың да өкпесі бар.
Мына Ермұрат Бапи, Абзал Құспан, Бақытжан Базарбек сынды азаматтардың өтуінің өзі Жаңа Қазақстан дұрыс бағытта келе жатқанын көрсетеді деп ойлаймын.
Бір ғана Ермұратты алып қарайтын болсақ, өткен жүйемен 30 жыл бойы арпалысып, алысып-жұлысқан азамат. Оған осы Мәжілісте үлкен миссия жүктеліп отыр. Ол шетелге кеткен капиталды қайтаруға күш салады деп ойлаймын.
Ермұрат Бари мен Абзал Құспанның арқасында Жаңа Қазақстанға қажетті бірқатар маңызды заң қабылданады деп ойлаймын. Себебі екеуінің бірі заңға жүйрік, бірі есеп-қисапқа жүйрік.
Кезінде АҚШ-та Джон Маккейн деген мықты сенатор болған. Сол кісілердің арқасында Ресейдің бір амбициясын ауыздықтайтын маңызды заңдар қабылданды. Сол секілді Қазақстанның ішкі, сыртқы саясатын бекемдейтін маңызды заңдар қабылданады деп ойлаймын.
Тағы оқыңыз:
“Жаңаөзен жарылғалы тұр”. Жаңбыршин Смайыловқа ескерту жасады