2370 кәсіпкердің проблемалары шешілді – Антикор

Dalanews 15 ақп. 2023 14:11 160

Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет бизнесті қорғау бойынша жұмысты үш бағытта жүргізеді, бұл бизнестің адалдығына жәрдемдесу, кәсіпкерлік қызметке заңсыз араласудан қорғау тетіктерін енгізу, өңірдің ерекшеліктерін ескере отырып, кәсіпкерлердің қажеттіліктеріне жедел ден қою жөніндегі тұжырымдамалық шаралар.

Бүгін бұл туралы Алматы қаласындағы бизнесті қорғау мәселелері жөніндегі жұмыс кеңесі барысында айтылды.

Өз сөзінде Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Төрағасының бірінші орынбасары Дмитрий Малахов жыл басында басталған «Бизнеске жол» жобасы оң нәтиже беретінін атап өтті.

«Жобаның мақсаты - кәсіпкерлердің алдында тұрған әкімшілік кедергілерді анықтау және жүйелі түрде жою арқылы бизнестің мемлекетпен қарым-қатынасын барынша оңайлату», - деді Дмитрий Малахов.

Бүгінгі таңда Сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Атамекен Ұлттық палатасымен бірлесіп 2370 кәсіпкердің проблемалық мәселелерін шешті.


Артық бюрократияны болдырмау, сондай-ақ келіп түсетін сигналдарға жылдам ден қоюды қамтамасыз ету мақсатында өзара іс-қимылдың бірлескен алгоритмі әзірленді, ол онлайн режимінде түсушілердің әрбір өтінішін Антикорға да, Ұлттық палатаға да пысықтауға мүмкіндік береді.



Ведомствода атап өткендей, өткен кезеңде кәсіпкерлердің құқықтарына әсер еткен сыбайлас жемқорлық қылмыстарын жасаған 115 лауазымды тұлға әшкереленді.

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x