Cоңғы жаңалықтар
Back

Мәсімовке шұғыл ота жасалған

Ұлттық қауіпсіздік қызметінің экс-төрағасы Кәрім Мәсімов операция жасатты деген ақпарат таралуда. Бұл туралы Orda_kz телеграм арнасы  хабарлады.

Ол Астана қалалық сотында процесс барысында құлаған. Дереу жедел жәрдем көлігімен ауруханаға жеткізілген.

– Көптеген халықаралық ұйымдар және БҰҰ -ның негізсіз қамау жөніндегі жұмыс тобы «тез арада босату үшін шұғыл шаралар қабылдауға» шақырғанымен,  Мәсімов бір жылдан бері түрмеде отыр.  Ол 30 Қаңтарда операция жасауға мәжбүр болды, – деп хабарлады Кәрім Мәсімовтің PR қызметі.

6 ақпанда Мәсімов тергеу изоляторына қайтарылды.

Айта кетейік,  6 қаңтарда Ұлттық қауіпсіздік комитетінің бұрынғы басшысы Кәрім Мәсімов қамауға алынған болатын.

Ол Қылмыстық кодексте мемлекетке опасыздық жасау әрекеті үшін 10 жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.

“3 шақырым жолдан миллиардтап ақша тапқан”. Назарбаеваның тағы бір былығы әшкере болды