Еуразиялық одақ: озамыз ба, тозамыз ба?

Dalanews 16 қаң. 2015 10:20 245

2015 жылдың 1 қаңтарынан бастап Еуразиялық экономикалық одаққа ендік. Қазірше, 4 ел: Ресей, Қазақстан, Белоруссия және Армения. Көп өтпей Қырғызстан да мүше боламыз деп талпынып отыр.

Енгенше елеңдестік. Түрлі пікір айтылды. Сан алуан айтыс-тартыс болды. Халық арасында алаң көңілді азаматтар да көптеп кезікті. «Бұл одақ – Кеңес одағының көшірмесі, Путиннің құрған тұзағы» дескендер де, «Одаққа енсек, үлкен нарыққа жол ашамыз, бәсекеге қабілетті экономика құрамыз» дескендер де табылды. Енді ол айтыстың құны аз. Келесі гәп: «Қайтсек ұтылмаймыз, өзгеге жем болмай, өз ұпайымызды түгендеудің шаралары қандай? Елдікті, еркіндікті, қазақ экономикасын нығайтудың нақты жолы бар ма?», – деген бәтуалы сұраққа тіреліп тұр.  Соңғы кездері Ресейдің экономикасы шатқаяқтап, рубль құлдыраған үстіне құлдырап барады. Тұтас Батыс – бір жақ, Ресей – бір жақ. Мұндай сәтте Қазақстан өз позициясын қалай анықтауы тиіс? Осы сұрақтардың бір парасын саясаткер Әміржан Қосанов пен саясаттанушы Эдуард Полетаевқа жолдаған едік.

 Әміржан Қосанов, саясаткер:

959205xcw«Еуропаға қарай жол» керек
Одаққа кіргеніміз – кірген! Біз қанша қарсы болсақ та, келісімге қол қойылды. Одақ өз өмірін бастады. «Енді не істемек керек?» деген сауалға мен былайша жауап берер едім.
Біріншіден, осы Одақтың Қазақстан экономикасына тигізер теріс әсерін мейлінше азайтуымыз қажет! Оның үстіне Одақ идеясы пысықталып, экономикалық, қаржылық құжаттар келісіліп жатқанда Ресей мен Украина арасындағы қақтығыс болған жоқ. Ал қазірде Батыс санкцияларының астында қалып, құрдымға кетіп бара жатқан көршінің экономикасы бізді де оқшаулану ұйығына тартып, «Титаник» секілді өзімен бірге алып кетуі әбден мүмкін! Әрине, 7 жарым мың шақырым ортақ шекара бар Ресеймен сауда-саттық жасауды тоқтатудың керегі жоқ, бірақ та біржақты экономикалық қарым-қатынастан бас тартып, басқа елдермен, соның ішінде дамыған Батыс елдерімен байланысты одан сайын үдете түсу керек. Оның үстіне Батыс нарығына шыға алмай қалған Ресей бизнесі енді біздің елге лап қоюы мүмкін екенін де ескерген жөн. Мұның өзі отанлық тауар өндірушілерімізге қосымша қиындық туғызбақ.
Екіншіден, Одақтың геосаяси астары тағы бар. Бұл ұйым Путиннің өзінің неоимпериялық саясатын жүзеге асырудың бірден бір жобасы екенін уақыт көрсетіп отыр. Әсіресе, Украинаның бір бөлігі – Қырымды аннексиялауы, Донецк пен Луганскіден айырылмауы, ол жаққа басқыншылық күштердің баруына мұрындық болуы бізді де қатты ойлантуы тиіс. Мәселен, өз ішіміздегі сепаратистік күштердің қолтығына Кремль су бүркіп жатса, біз не амал қарастырмақпыз?
Бүгінде Ресей өзінің ішкі саясатының бар саласында кешегі Совет заманын ашықтан-ашық насихаттап, сол кезеңді көксеп, аңсаушылық танытып жатыр! Ол ресейлік ресми шешеуніктердің баяндамаларынан ғана сезіліп қоймайды. Қазіргі Ресей теледидарын, киносын, өнерін, әдебиетін қарасаңыз сол заманды ақтап алу, сол кездегі елге тізесін батырған теріс тұлғаларды «жағымды», тіпті, «ұлы» етіп көрсету тенденциясы анық байқалады.

Сонымен бірге, геосаяси тұрғыдан алғанда, біз оқшауланған сайын оқшаулана беретін Ресейдің бірден бір одақтасы боп қалып, басқа өркениетті елдердің алдында осыншама жыл жиған-терген абыройымыз бен беделімізден де айырылып қалмайық! Кезінде президент өзі қол қойған «Еуропаға қарай жол» деген бағдарламаны қайта жаңғыртып, қазіргі талаптарға сай етіп, жаңа нұсқасын қабылдау керек.
Қазақстан мен Ресей арасындағы бөлек келісім-шартта «келісілген сыртқы саясат жүргізу» туралы бап бар. Сол пәледен де құтылу қажет! Әйтпесе, ертең біздің сыртқы саясатты Қазақстан Сыртқы істер министрлігі емес, Лавров анықтап, әлемге жария етіп жүреді.
Үшінші мәселенің тарихи, керек десеңіз, моральдық астары бар.
Бүгінде Ресей өзінің ішкі саясатының бар саласында кешегі Совет заманын ашықтан-ашық насихаттап, сол кезеңді көксеп, аңсаушылық танытып жатыр! Ол ресейлік ресми шешеуніктердің баяндамаларынан ғана сезіліп қоймайды. Қазіргі Ресей теледидарын, киносын, өнерін, әдебиетін қарасаңыз сол заманды ақтап алу, сол кездегі елге тізесін батырған теріс тұлғаларды «жағымды», тіпті, «ұлы» етіп көрсету тенденциясы анық байқалады. «Сынықтан басқаның бәрі жұғады» дейді.
Одақтың ортақ тарих оқулығы, ортақ мәдени ортасы болады деп жатыр емес пе? Ертең оқулықтарымызда адамзат пен өз тарихымыз ескіні аңсаған, тоталитарлық жүйені ақтаған ресейлік ғалымдардың көзқарасына сәйкес баяндалып жатса, өскелең ұрпақ қандай боп тәрбиеленбек? Ертең біздің экрандарымыздың төріне Сталин мен Бериялар шығып кетпесіне кім кепіл? Хандығымыздың емес, КСРО-ның мерейтойын тойлап жүрмейік!

 

Эдуард Полетаев, саясаттанушы:

09.09.2014.111«Сәбеттік» брендтерге сұраныс бар

– Еуразия экономикалық одағының саяси интеграцияны көздемейтіні, тек экономикалық байланыстармен шектелетіні сан рет айтылды ғой. Білсеңіз, Ресейдің жағдайында саяси интеграция туралы сөз қозғау ауыр. Неге? Себебі көршіміздегі саяси кеңістік біртұтас ­емес. Ресейде 90-жылдары қалыптасқан аймақтық саяси жүйе әлі күнге дейін жойылған жоқ. Федералдық, жалпыұлттық саяси элитаның әлсіздігі аймақтық саяси элитаның қалыптасуына жол ашты. Мемлекеттік идеологияның әлсіздігінен аймақтардың өз саяси идеологиясы қалыптасты. Негізінде ресейліктер бізге (Қазақстанға) қызыға қарайды. Мұным көлгірсөз, пафос емес.  Бізде тұтастық бар. Ал Ресейде әрбір ұлт топқа, жікке бөлінген. Сайып келгенде, қазіргі күні Ресейде 85 саяси жүйе бар. Ал аймақтық саяси жүйені өзгертуге, оған ықпал етуге ресми Мәскеудің өзі қауқарсыз. Айталық Шешенстан мен Дағыстан этникалық құрамы, тілі мен ділі жағынан өзара ұқсас болға­ны­мен, саяси ұстанымы екі бөлек. Қазіргі Калининград облысы 70 пайызға Еуропамен интеграция­ланған. Мұны ресейлік ақпарат құралдары айта бермейді.  Былайша айтқанда, көршімізде жалпыресейлік тұтастық деген ұғым жоқ. Есесіне, аймақтық, этникалық және конфессиялық қағида бар. Яғни, Ресейдің өз ішкі мәселесі шаш-етектен.
Дәл қазір біз осы одақ аясында  шекаралас өңірлерді эконо­ми­кадағы аса маңызды субъекті ретінде инвесторларға тартымды қылу үшін олардың тартым­ды­лығын, жарнамасын жасауды дұрыс жолға қоюымыз керек. Неге десеңіз, Қазақстанның 14 облысының 7-уі теріскей көршімізбен шекаралас жатыр. Ал Еуразия экономикалық одағына қол қойылғалы бері аймақаралық серіктестіктің маңызы арта түспесе, кеміген жоқ.

Екіншіден, Еуразиялық одақ бұл қайырымдылық жасайтын қор емес, бұл одақтас елдердің экономикалық бәсекеге түсуіне және тауар алмасуға жол ашатын жоба.  Иә, ол 170 млн. адамы бар нарықты қамтиды. Бірақ, біздің қазақстандық кәсіпкерлер осы нарықты жаулауға қаншалықты әзір? Дәл қазір біз осы одақ аясында  шекаралас өңірлерді эконо­ми­кадағы аса маңызды субъекті ретінде инвесторларға тартымды қылу үшін олардың тартым­ды­лығын, жарнамасын жасауды дұрыс жолға қоюымыз керек. Неге десеңіз, Қазақстанның 14 облысының 7-уі теріскей көршімізбен шекаралас жатыр. Ал Еуразия экономикалық одағына қол қойылғалы бері аймақаралық серіктестіктің маңызы арта түспесе, кеміген жоқ. Кеден одағы іске кіріскеннен бергі кезеңде аймақтар арасында 240-тан аса келісімге қол қойылыпты.

Үшіншіден, Қазақстан мен Ресейдің арасындағы байланыстарға үңілгенде мына бір жайды назарымыздан қалыс қалдырып кетеміз. Қазақстандық қоғамда әлі де болса «сәбеттік» брендтердің ықпалы өте күшті. Оларға деген сағыныш сезіліп тұрады. Өзге посткеңестік елдерде мұндайды мүлде байқамайсың. Сонда бұған не себеп? Дәл осы сауалға жан-жақты жауап ізделуі тиіс деп ойлаймын. Айталық, Алматыдағы «Кока-кола» зауыты өз өнімінен тыс «Буратино» лимонадын өндіретін бірден-бір зауыт. «Буратиноның» кеңестік бренд екені барлығымызға белгілі. Аталған өнімді өндіру арқылы нарықты жаулайтындарына сенімді болғасын компания осы сусынды шығара бастады. Қазақстанда «советский», «русский» деп аталатын өзге өнімдер де жетіп артылады. Мұндайды Украинада елестету қиын. Бәлкім, бұл өткен күнге деген сағыныштың көріністері болар. Мысалға, мен жақында ғана «Сәбеттік мұсылмандық» деп жергілікті жерде өндірілген шұжықты сатып алдым. Кеңес өкіметінің дінге деген көзқарасы қандай болғандығын ескерсек, мұны нағыз парадокс деп бағалауға болар еді...

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x