"Путин ұлттың миын шайып жатыр...". Ресейлік дәрігер Қазақстанға қашып келді

Dalanews 27 қаң. 2023 11:53 163

Путин агрессиясын қолдамайтын Ресей азаматы үш баласымен бірге Қазақстанға қашып келді деп хабарлайды Dalanews.kz.


Оппозициялық ұстанымы үшін отанында қуғын-сүргін көрген ресейлік дәрігерді Кремль саясатын сынға алғандықтан қолына автомат ұстатып, соғысқа жібермек болған.


Рената үш баланың анасы, білікті хирург. Осы күнге дейін Омбыдағы орталық ауруханада еңбек еткен.


Айтуынша, Мәскеудің басқыншы саясатына әуелден қарсы болған. 2014 жылдан күні бүгінге дейін Украинаға қарасты Қырым түбегін отарлап алған Путинге қарсы сөйлеп, түрлі деңгейдегі митингілерге атсалысқан.


Кремль Киевке басып кірген тұста мұның соңы орны толмас қателікке әкелерін айтып, алаңға шыққан.


Осы әрекеті үшін полицейлер Ренатаның ізіне түсіп, қысым көрсеткен.


"Өткен жылдың күзінде өзімнің есім-сойымды соғысқа шақырылғандардың арасынан көріп қалып, шалқамнан түстім. Шиеттей балаларым бар, оның үстіне ординатурада оқып-тоқып жатқам.


Үш баланың анасын соғысқа шақырғанды кім көрген, араша сұрап Дума спикері Володиннің атына дүркін-дүркін хат жолдадым. Себебі соның алдында ғана ҚорғанМин дәрігер-әйелдердің соғысқа шақырылмайтыны жөнінде үкім шығарған еді.


Иә, соғыс кезінде дәрігерлерге сұраныс артады, майдандағы ең қат маманның бірі осы дәрігерлер, соның ішінде хирургтардың орны бөлек. Жаралы жауынгерлерге жәрдем беру үшін елдегі бәлністерді аралап, дәрігерлердің біразын мәжбүрлі түрде майданға әкетіп жатқанын құлағым шалған.


Алайда маған келгенде әскерилер гостипальда дәрігер жеткілікті дегенді желеу етіп, солдаттардың жарасын таңуға емес, қолыма автомат ұстатып, атыс-шабысқа салмақ болды...", – дейді ресейлік босқын.


Рената мұны осы күнге дейін Кремльмен күресіп келген саяси ұстанымынан көреді.


Соғысты қолдамайтын аудиторияның алдыңғы легінде жүрген дәрігер әскериатпен салғыласып жатпай, шемоданын шұғыл жинап, бала-шағасымен бірге Қазақстанға қашқан. Әзір ол Алматыдағы хостелдің бірінде тұрып жатыр.


АЙТҚАНДАЙ...


Қазақстанға соғыстан қашқан ресейліктер ғана емес, шетел инвесторы да көптеп келуде. Біздегі жобаларды үндінің "Котак bank-і" пулы қаржыландыруы мүмкін. Қаржы институтын әйгілі банкир Удай Котак басқарады. 


Толығырақ осы жерде: https://t.me/dalainside/1105


https://www.youtube.com/watch?v=dJRBlwpUvbk

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x