"Қырымға соққы береміз...". АҚШ Ресейге қатысты ұстанымын түбегейлі өзгертті

Dalanews 19 қаң. 2023 11:23 124



АҚШ президенті Джо Байденнің әкімшілігі Ресей аннексиялап алған Қырымға соққы беру бойынша Украинаға әскери көмек беруді қарап жатыр. 





Бұл жөнінде The New York Times дереккөзіне сілтеме жасап хабарлады.

Басылым Ақ үй Ресей Украинаға басып кіргелі бері Киевке түбекті қайтару бойынша әскери көмек көрсетуге үзілді-кесілді қарсы болып келгенін жазады. Себебі жағдайдың ушығып кетуінен қауіптенген.

Енді басылым дереккөзінше, Байден әкімшілігі украиндық шенеуніктермен келіссөзден кейін, жағдай ушығып кетсе де, Киевке Қырымға соққы беру үшін қосымша көмек берілуі керек деген шешімге келген.

Америкалық шенеуніктер мен сарапшылар мұндай жағдайда, Ресей ядролық қарумен жауап беруі мүмкін деген қаупін айтып жатыр.

Мақалада Украинаға алыс қашықтықтан Қырымға соққы беретін зымыран беру жөнінде әлі мәселе көтерілмегенін, тек HIMARS зымыран қондырғысы мен Bradley бронекөлігі арқылы Қырымның басты нысандарына соққы беру жағы қаралған.

The New York Times газетінің ақпаратына сәйкес, бұл мәселе жақында Ақ үйде көтерілген.

Конгресстің Өкілдер палатасының сыртқы істер және қарулы күштер бойынша комитетінің мүшелері Майкл Маккол мен Майк Роджерс бірер күн бұрын бірлескен мәлімдеме жасап, Байден әкімшілігін Украинаға тез арада "маңызды деген қару күштерін" беруге шақырған.

"

8 қазанда Қырым көпірінде жарылыс болды. Көпірден өтіп бара жатқан бірнеше көлік зардап шеккен. Ресей бұл оқиғаға Украинаны айыптады. Киев ресми бұл жарылысқа қатысы жоқ екенін жеткізді.

24 ақпанда Ресей Украинаға басып кіргелі бері, Киев Қырымды қайтару үшін әскери операция жүргізу жоспарында жоқ екенін мәлімдеп келген. Бірақ қазір Киевтің ұстанымы өзгерді. Қазір Украина аумағын толық қайтарып алуды көздейді.

Қазір Ресей Қырым түбегінің солтүстігіне қорғаныс дуалдарын тұрғызып жатыр деген ақпараттар пайда болды. Мәскеу түбекке соққы бергізбеу үшін, Ресей қолындағы барлық құралды пайдаланады деп мәлімдеді.

АЙТПАҚШЫ...

АҚШ қана емес, жапондар да Ресейді алқымнан алғалы отыр"Кремль жапондарға тиесілі аумақты кері қайтарсын", – дейді Токио. Толығырақ мына жерде: t.me/dalainside




Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x