«6 айдың ішінде 55 мың орыс жауынгері қаза тапты. Он мыңдаған адам жараланды, мүгедек болды. Статистиканың одан әрі өскенін қалайсыз ба? Жоқ? Онда наразылыққа шығыңыздар.
Елден кетіңіздер я бізге беріліңіздер. Бұл аман қалудың нұсқалары.
Ресейде ер адамдарда өлу немесе өмір сүру деген таңдау бар. Ал әйелдер не күйеулерін, ұлдарын, немерелерін мәңгілікке жоғалтады, не оларды өлімнен, соғыстан аман қалуға тырысады.
Аналар, Ресейде шешім қабылдай алғандар ғана өз балаларын қорғай алады. Ал көнгендер тіпті жерленбей қалады»,—деді ол.
Ресей Путиннің шешіміне үш түрлі реакция білдірді.
Бір топ Путиннің шешімін дұрыс десе, енді бір топ елден кету жолдарын іздеп, ұшақ пен поезға билет іздеп кетті. Көлікке отырып, шекара аспақ болғандар саны да жетерлік.
Үшінші топ қала көшелеріне шығып, наразылықтарын білдірді.
Мобилизация жариялағаннан кейін оппозиция өкілдері, Навальныйдың командасы мен соғысқа қарсы қозғалыс өкілдері митингке шақырды. Ресейде Мәскеу уақыты бойынша 19:00-ге наразылық акциялары өтеді деп жарияланды. Ресейдің 30-дан астам қаласында акциялар өтіп, екі мыңға жуық адам ұсталды.
Ескі сценарий бойынша өтті. Көшеге шығып, соғысқа қарсы ұрандар айтты. "Соғысқа жол жоқ", "Путинді соғысқа жіберейік", "Ресей-Украина достығы жасасын" деп ұрандады халық. Тәртіп сақшылары митингке шығушыларды ұрып-соғып, алып кетті. Осылайша митингтер мақсатсыз, нәтижесіз аяқталды.
Батыс сарапшылары Ресейдегі митингтер нәтиже бермейді деп санайды. Себебі көшбасшы жоқ, халық аз, ал ұйымдастыру әдісі ескі. Бұл оңай басылып-жаншылады дейді олар. Осылайша Ресейдегі антисоғыстық әрекеттер басталмай жатып, бітті.
https://dalanews.kz/bas-takyryp/81558-ayes-salatyn-oryn-belgili-endi-qaulyny