"Пелосидің күйеуін" "Жұмабектің бажасынан" да ауыр жаза күтіп тұр

Dalanews 24 там. 2022 12:42 197

АҚШ Конгресінің Палаталар өкілінің спикері Нэнси Пелосиді күйеуі Пол Пелоси масаң күйінде көлік жүргізіп қолға түсіп, басы дауға қалды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Нэнси Пелоси АҚШ билік ирерхиясында Джо Байден мен Камала Харристен кейінгі үшінші адам. Ол күні кеше Тайванға сапар шегіп, Қытайдың қытығына тигені белгілі.

Қытай билігінің жүйкесіне тиіп, Трамптың баяндамасын тікелей эфирде жыртып тастаған әйгілі Пелоси ханымды жұрттың бәрі біледі. Сол кісінің зайыбы мас күйінде көлік жүргізіп, басы дауға қалды.

Тәртіп сақшылар «Пелосидің күйеуі болсаңыз қайтеміз, заң бәрімізге ортақ» деп айыппұл салып, абақтыға қамап тастапты. Әлемді дүр сілкіндірген Нэнси Пелоси дым істей алмаған.


Ал біздің елде «Жұмабектің бажасы» ішпей-жемей жолды қарсы бетіне шығып, көлік жүргізетіні белгілі. Айтпақшы, «Жұмабектің бажасы» қандай жазамен құтылғанын білмейміз. Әйтеуір әлеуметтік желіде халықтан кешірім сұрап, қарасын батырғанын білеміз. Өкінішке орай, әзірше бізде жазаның ауыр түрі осы болып тұр.

Айтпақшы, Пелосидің күйеуі қандай жаза тартылғанын білесіз бе? Мас күйінде көлік жүргізген «Пелосидің күйеуі» 5 күн темір торға қамалатын болды. Егер осы 5 күнде өзін дұрыс ұстамай дау шығаратын болса, қамау мерзімі тағы да созылуы бек мүмкін.

«Пелосидің күйеуі» теміртордан шыққаннан кейін 3 жыл бойы тәртіп сақшыларының бақылауында болады. Осы аралықта үш ай бойы жүргізушілердің курсынан өтуі тиіс. Бұдан сәтті өкеннен кейін Пелосидің күйеуінің көлігіне тәртіп сақшылары алкозамок құрылғына орнатып қоймақшы. Бұл – құрылғы «Пелосидің күйеуі» ішімдік ішіп рульге отырса, құрылғы көліктің моторын бірден бұғаттап, тәртіп сақшыларына хабар береді екен. Ал одан кейін «Пелосидің күйеуін» қандай жаза күтіп тұрғанның елестетудің өзі қиын.

АҚШ-тың әділ соты осындай жазаларды тағайындай келе, «Пелосидің күйеуіне» мас күйінде көлік жүргізгені үшін 7 мың доллар айыппұл салды. Мұны Жұмабектің бажасы естісе төбе шашы тік тұрартыны анық.


Міне солай. АҚШ заңы сенің қызметің мен кімнің күйеуі екеніне қарап, кеңшілік жасамайды.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x