"Қазақстанның аумағы қазіргіден де ауқымды болған". Перуашев Медведевке жауап қатты

Dalanews 02 там. 2022 13:29 159

"Ақжол" партиясының төрағасы Азат Перуашев Қазақстан тіл тигізген Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведевке жауап қатты хабарлайды Dalanews.kz. 

Ресей Қауіпсіздік кеңесі төрағасының орынбасары, Ресейдің экс-президенті Дмитрий Медведевтің «ВКонтакте» желісіндегі парақшасында: «Қазақстан «жасанды мемлекет» деген жазба жариялаған.

«Кеңес Одағы ыдырағанға дейін Солтүстік Қазақстан халқының 62.5%-ын славяндар құрады. Қазақстан - жасанды мемлекет, бұрынғы орыс территориялары. Мысалы Гурьев, Семей, тіпті Алматы қалалары 1924 жылға дейін Верный деп аталды. Қазіргі уақытта Қазақстан билігі республика ішінде түрлі этностық топтарды көшіру жөніндегі бастамаларды іске асыра бастады, мұны орыстарға жасалған геноцид деп бағалауға болады. Біз бұған көз жұма алмаймыз. Орыстар келмейінше, тәртіп орнамайды…», - деп жазды Медведев.

Медведевтің атынан жарияланған жазбада: «Бір кездері алпауыт, қуатты Кеңес Одағында өмір сүрген барлық халық қайтадан достық пен өзара бірлікке келіп бірге өмір сүреді» және «Киев пен Кіші Ресейдің барлық аумақтары азат етілгеннен кейін Ресей мың жыл бұрынғы Орыс мемлекеті сияқты қайтадан жеңілмейтін, біртұтас, күшті мемлекетке айналады», деп жазылған.

Өз кезегінде Азат Перуашев: "Фейк болмаса, бұл не сонда? Ауру сананың сандырағы ма, әлде, абайсызда ауыздан шыққан жасырын қиялдар ма? Қалай болғанда да, лас әрі құрметке лайық емес әрекет", – дейді.


Оның айтуынша, Қазақстанның жер аумағы қазіргіден де ауқымды болған. Бірақ, қазақ халқы өткенін бұлдамайтын, бүгінгі күнмен өмір сүретін өркениетті ұлт.

"Үш жүз жылдық отарлауға" қарсы қазақтармен, солтүстік өңірлерді ен жайлаған бабаларымыздың мың жылдық тарихынан талай мысалды келтіруге болады. Шекарасы қазіргі Қазақстан аумағынан да ауқымды болған, билеушілерінен барлық қазақ хандары тараған.

Қазақ хандығы мұрагері болып табылатын Алтын Орданы еске саламыз. Бірақ, бұл Алтын Орданы қайта құрып, бес жүз жыл бойы төленбеген салықты талап ету керек деген сөз емес қой!

Халықаралық құқық қолданыстағы шекаралардың бұзылмауын мойындаудан туындайды. Біз үшін ең бастысы - Қазақстанда түрлі этнос өкілдерінің тату-тәтті өмір сүріп жатқаны. Еңбек етіп, өз мемлекеті мен өз кәсіптерінің күшеюіне қолғабыс қылуда, отбасыларын құрып, туыс табуда, бала өсіруде. Біз өз өмірімізді өзіміз дұрыстаймыз.

Бірақ, рационалды уәждер мұндай провокациялардың авторларына әсер етпейтін секілді, тағы қайталаймын, егер бұл фейк болмаса. Қалай болғанда да, мұндай жарияланымдардың пайда болуы ойын емес. Бұл тоқтаусыз журналистер мен жергілікті депутаттардың сандырағы емес. Әңгіме көрші елдің экс-президенті, яғни, үлкен саяси тәжірибесі бар саясаткер туралы!  Біздің Сыртқы істер министрлігі жағдайды анықтап, анық-қанығын хабарлау керек", – деп жазыпты Перуашев Телеграм арнасында.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x