Қазақстан қорғанысты күшейтуде. Тоқаев Ресей агрессиясынан сабақ алды - WSJ

Dalanews 26 шіл. 2022 10:21 283

Қазақстан Ресейден келетін соғыс қаупінен сақтанып, қорғаныс саласын күшейтіп жатыр, - деп жазады Usbanov телеграм арнасы Wall Street Journal-ға сілтеп.

Басылым: "Қазақстан билігі Ресей мен Украина соғысынан сабақ алды. Украинаның табандылықпен қарсылық көрсетіп жатқанын көрді. Сол себептен Қорғаныс саласының бюджетін 441 млрд теңгеге (шамамен $918 млн) көбейту туралы шешім қабылдады.

Қазақстан гибридті соғысқа қарсы күресте неғұрлым мобильді және шебер болу үшін реформа жасау керегін түсінді.

Оған қоса, Нұр-Сұлтан Мәскеумен қарым-қатынастарын қайта саралап, сыртқы саясатта АҚШ, Түркия және Қытаймен байланыстарын күшейтіп жатыр", - дейді.

Қазақстандық жоғарғы лауазымды бір шендінің сөзін дерек ретінде келтіріпті. Аты-жөні аталмаған қазақ шендісі: "Елестетіп көріңіздерші, егер Украина болмаса, келесі кезекте біз болар ек",- депті.


"Кремльдің амбициясы Қазақстанды да алаңдатып отыр. Қазақстан тезірек байрактарға қол жеткізуге әрекет етуде, - дейді басылым.

Оған қоса, Қазақстан Батыстың кейбір санкцияларын қолдамақ. Шілденің басында ҚР Қаржы министрлігі Ресей мен Беларуське санкциялық тізімге енгізілген тауарларды жеткізуге тыйым салатын жобаны талқыға ұсынғанын жазыпты.

WSJ басылымының атап өткеніндей Қазақстанда Мәскеуді ашуландыратын соғысқа қарсы наразылықтарға тыйым салынған, сондай-ақ Ресейде насихаттық нышанға айналған "Z" белгісін жария етуге де тыйым салынған.

АҚШ басылымына пікір білдірген депутат Саясат Нұрбек (қазір Ғылым және жоғары білім министрі, ред.) бұрынғы Сібір ертегісін мысал еткен.

"Ертеде аю мен боршатышқан дос болыпты. Бір күні аю боршатышқанның арқасынан сипапты, бірақ тырнағының ізі қалыпты. Осылайша боршатышқанның арқасында ала сызық пайда болыпты", - дейді ертегіде.

"Бұл ертегінің айтары – досыңыз аю болса, әрқашан сақ болуыңыз керек", - деді Нұрбек мырза.


"Қазақстанның Ресей айтқан ізбен жүрмейтінінің тағы бір белгісі байқалды. Наурыз айында Біріккен Ұлттар Ұйымы Ресейдің басқыншылық соғысын тоқтатуға шақырған қарар қабылдады. Әлем елдері дауыс берді. Қазақстан дауыс беруден бас тартты. Бірнеше күннен кейін ол Украинаға Boeing 767-мен 28 тонна дәрі-дәрмек жіберді, бұл Қазақстанның Украинаға көмек ретінде жіберген бірнеше рейстерінің бірі еді", – деп жазады АҚШ басылымы.

https://dalanews.kz/aimak/79868-astanada-700-den-astam-aula-men-qogamdyq

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x