Баяғыда жастар карьерасын зауыт-фабрикада жасаса, қазір жиналыста жағымпазданып жасайтын болды

Dalanews 23 шіл. 2022 04:41 886

Назарбаев дәуірінде ауырдың асты, жеңілдін үстімен жүретін, ісінен гөрі сөзі көп, жандайшап, жағымпаз, карьерист жастар пайда болды. Бұған «Нұр Отан» партиясы көп ықпал еткені анық.

Мұндай жастар пайдасыз жиналыстарға қатысып, болмайтын флешмобтар ұйымдастырып, мемлекет қаржысын босқа шашуды әдеттеке айналдырды.

Бұл үрдіс қазір де жалғасуда. Қазір жастар осындай жиналыстарға қалмай қатысып, карьера жасауды әдетке айналдырғаны жасырын емес.

Баяғыда жастар өзінің карьерасын зауытта, ғылымда, шаруашылықта еңбек етіп жасаушы еді.

Қазір жастар өзінің мансабын жағымпазданып жасауды әдетке айналдырған.  Осы кеселден құтылу үшін «Жас Отан», жастар ісі, жастардың кадрлық резерві деген жасанды дүниелерді жою керек.


Өткенде жас депутат Мәди Ахметовтың мамандығы журналист екенін білдік. Бірақ оның бірде бір мақаласын оқымаптық.

Білетініміз Мәди «Нұр Отанның» жиналыстарына қалмай қатысып, бос әңгіменің тиегін ағытып, жалаң ұрандарды даусы қарылққанша айтушы еді. Ол аз болса, Назарбаевқа жағымапзданғаны және бар.

Сондықтан жастарды жағымпаздыққа тәрбиелейтін ұйымдарды жұмысын тоқтату керек. Жастардың мінезін бұзып бітті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар