АҚШ санкция тәртібін бұзған өзбек компаниясын жазалады

Dalanews 02 шіл. 2022 03:28 225

АҚШ мемлекеттік департаменті Өзбекстанның «Promcomplektlogistic» компаниясы Ресейдің «Радиоавтоматика» компаниясына қорғаныс өнеркәсібіне өнім сатып, санкция айналып өтуге көмектескенін анықтады. Сол себепті АҚШ Promcomplektlogistic» компаниясына санкция салды, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

АҚШ мемлекеттік департаменті «Promcomplektlogistic» компаниясына салынған санкция бүкіл әлем бойынша жасалған «ескерту» екенін мәлімдеді. «Егер санкция енгізілген заңды я жеке тұлғамен бизнес жүргізетін болсаңыз, онда сізге де санкция жариялануы мүмкін екенін білгеніңіз абзал» дейді мемлекеттік департамент.

Санкция енгізілген «Promcomplektlogistic» компаниясының АҚШ-тағы барлық мүлкі бұғатталып, америкалық компанияларға онымен іскерлік байланыс орнатуға тыйым салынады.


Ашық дерек көздеріндегі мәліметтерде 2018 жылы құрылған, Ташкентте тіркелген «Promcomplektlogistic» компаниясы құрлықта жүретін көлікке қызметін көрсетумен айналысады. Компанияның қожайыны Олег Грабилиннің Ресейде де бірнеше компаниясы бар екен.

Компания басшылығы да, оның меншік иесі де АҚШ санкциясына байланысты әзірге ешқандай пікір білдірген жоқ.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x