Cоңғы жаңалықтар
Back

«Уақыты келеді». Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі бөлуді ұсынды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомар Тоқаев Алматыда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиында Қазақстандағы ғылымды жан-жақты дамытуға, оның бәсекеге қабілетін арттыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуы керек екенін айта келе, Білім және ғылым министрлігін екіге бөлік керектігін айтты.

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Білім және ғылым министрлігін екі ведомствоға бөлуді ұсынды, – деп хабарлайды Ақорда.

Мемлекет басшысы Қазақстанда Дәйексөз ұлттық жүйесін құру керегін атап өтті, оның пікірінше, бұл ғылыми-зерттеу жұмыстарының сапасын айтарлықтай жақсартуға мүмкіндік береді. Бұл қадам қазақстандық ғылыми журналдардың әлеуетін күшейтуді талап етеді.

– Елдегі ғылыми қызметті үйлестіруді күшейту үшін салалық министрлікті екі ведомствоға бөлу керек деп есептеймін, олардың бірі жоғары білім және ғылым мәселелерімен айналысады, – деді Тоқаев Алматыда Ұлттық ғылым академиясының 75 жылдығына арналған салтанатты жиында.

Тоқаевтың айтуынша, ол көрсеткен барлық шешім Қазақстандағы ғылымды жан-жақты дамытуға, оның бәсекеге қабілетін арттыруға және елдің тұрақты әлеуметтік-экономикалық дамуына үлес қосуына бағытталған.