Ерлан Қарин: «Ақтаңдақтарды ақтау үшін 261 зерттеушіге жабық архивтерде жұмыс істеуге рұқсат берілген»

Dalanews 31 мам. 2022 08:49 141

ҚР Мемлекеттік хатшысы Ерлан Қарин «Қазақпарат» агенттігіне Саяси қуғын-сүргін құрбандарын толық ақтау жөніндегі мемлекеттік комиссияның жұмысы туралы сұхбат берді.

– Мемлекеттік комиссия – ауқымды ғылыми жоба. Комиссия жұмысы ХХ ғасырдың 20-50-ші жылдарындағы тарихымызды зерттеудің, зұлмат оқиғалар хроникасын толық қалпына келтірудің және тоталитаризм жылдарында зардап шеккен қазақстандықтар туралы тарихи жадыны сақтаудың жаңа кезеңін бастап берді. Сондықтан Мемлекеттік комиссияның базасында жүйелі әрі көп жоспарлы жұмыс ұйымдастырылды, – дейді Ерлан Тынымбайұлы.

Жалпы осыған дейін аталмыш тақырыпты әр түрлі ғалымдар, тіпті жекелеген ұжымдар белсенді түрде зерттеп келгенін, дегенмен жүйелі жұмыстың болмағанын айта кетуіміз керек.


Сондықтан Мемлекеттік комиссияға қуғын-сүргін тарихын зерттеумен айналысатын ғылыми-сараптамалық ортаның барлық негізгі өкілдерінің басын қосу туралы шешім қабылданған.

– Бүгінде Мемлекеттік комиссияның жұмыс топтарында 316 сарапшы-ғалым жұмыс істейді, олардың ішінде 261 адамға жабық архивтерде жұмыс істеуге рұқсат берілген. Бұдан бөлек, бірыңғай формат бойынша әр өңірде жергілікті комиссиялардың жұмысы ұйымдастырылды. Олардың қатарында 500-ден астам адам бар, – дейді Мемлекеттік хатшы.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x