Түркия Қазақстанға инвестиция құйған жетекші бес елдің бірі

Dalanews 18 мам. 2022 17:36 144

Түркия астанасы Анкара қаласында Қазақстан елшілігінің бас болуымен «Қазақстандағы қайта құру үрдісі: Жаңару мен жаңғыру жол» деген тақырыпта басқосу болып өтті, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Жиын барсында сөз сөйлеген Қазақстанның Түркиядағы елшісі Еркбұлан Сапиев таяуда ғана Президент Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жасаған жұмыс сапары екі ел арасындағы байланысты бекемдеп, жаңа кезеңге шығарғанын алға тартты.

Өз кезігінде елші «Біз ең алғаш тәуелсіздігімізге ие болғанда, Қазақстанды Тәуелсіз ел ретінде бірінші болып Түркия таныған болатын. Біздер түрік ағайындардың сол кездегі қолдауын ешқашан ұмытпаймыз» деді.

Жиын барысында елші Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаевтың Түркияға жасаған жұмыс сапары кезінде құны 1,4 млрд долларға бағаланған келсім-шарттарға қол қойылғанын тілге тиек етті.


– Бүгінде Түркия Қазақстанға инвестиция құйып отырған топ 5 елдің қатарында. Соңғы жылдары Түркиядан Қазақстанға бағытталған тікелей инвестицияның көлемі жыл өткен сайын артып келеді. Айталық, 2019 жылы Түркияның Қазақстан экономикасына салған инвестициясы 358 млн доллар болса, 2020 жылы ол 363 млн долларға өсті. Ал 2021 жылы түрік инвестициясының көлемі 680 млн долларға жоғарлады, – деді елші Еркебұлан Сапиев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x