«Путиннің тұмсығы тасқа тірелді». Джонсон окупанттардың артиллерияларын дәл анықтайтын радарлар мен әскери дрондар беретін болды

Dalanews 03 мам. 2022 13:48 210

Бүгін Ұлыбританияның Премьер-Министрі Борис Джонсон Украинаның Жоғарғы Радасының депутаттарына видеоүндеу жолдап, Украина Ресейге қарсы соғыста жеңіске жететіне сенімді екенін айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

Борис Джонсон видеоүндеуін Украина заң шығарушы органының басшысы Руслан Стефанчук өзінің Фейсбукатағы парақшасына жариялады.

Ұлыбританияның Премьер-Министрі өз үндеуінде соғыс барысында Кремль үлкен қателіктерге бой алдыратынын сезгенін айтқан.

– Украина халқы жеңілуді білемейтін Путинге қатысты аңыздың тас-талқанын шығарды. Путиннің әскери машинасы Украина халқының патриоттық сезімімен бетпе-бет келіп, тауы шағылғаны анық. Сіздердің отаншылдық сезімдеріңіз Путиннің тұмсығын тасқа тіреді. Украиндер әлем халықына агрессордың дөң айбат әрекетінен қорықпау керектігін үйретті. Өз елінің тәуелсіздігі үшін күресе белетін халыққа танк пен зеңбіректер тосқауыл болмайтынына куә болдық. Сол себепті мен Украинаның бұл соғыста жеңетініне шүбәсіз сенемін! – деді Борис Джонсон.   


Бұдан кейін Борис Джонсон Ұлыбритания Украинаға көмек ретінде 300 млн фунт стерлинг бөлгенін мәлім етті.

– Біздер Украина әскерін қолдау мақсатында құны 300 млн фунт стерлинг болатын әскери көмек береміз. Бұл пакеттің ішінде Укриана қалаларын атқылап жатқан окупанттардың артиллериялардың орналасқан жерін дәл анықтайтын радарлар, жаяу әскердің күшін еселеп өсіретін әскери дрондар бар. Бұдан басқа гуманитарлық көмектеріміз де бар, – деді Борис Джонсон.

Өз үндеуінде Борис Джонсон жақын күндері әскери кемелерге қарсы қолданатын Brimstone зымырандарын жеткізіп беретінін атап өтті.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x