Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары құрылады – Тоқаев

Dalanews 16 нау. 2022 06:27 347

Бүгін Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқына аранған Жолдауында елімізде Абай, Ұлытау және Жетісу облыстары

құрылатынын айтты, – деп хабарлайды Dalanews.kz.

ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев: «Семей аймағында Абай облысын құруды ұсынамын. Семей қаласы жаңа облыстың орталығы болады. Осы мәселені аймақ тұрғындары көптен бері айтып жүргенін білемін. Қазір ол жақта шешімін таппаған түйткілдер аз емес. Мысалы, аймақтың ішкі инфрақұрылымы әбден тозған».

– Тағы бір мәселе. Бұрынғы Жезқазған облысының аумағында Ұлытау облысын құру қажет. Жезқазған қаласы қайтадан облыс орталығы болады. Бұл аймақта дербес облыс құру – экономикалық қана емес, рухани жағынан да маңызды шешім, – деді.


«Үшінші мәселе. Алматы агломерациясына қатысты түйткілдер көп. Осы және басқа да жайттарды ескере "отырып, Алматы облысын екіге бөлуді ұсынамын. Бұл өңірде Жетісу және Алматы облыстары құрылады. Алматы облысының орталығы Қапшағайда болуы керек. Ал, Жетісу облысының орталығы Талдықорғанда орналасады» деді Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев.

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x