Элита билікке таласқан жоқ. Мұның бәрі қауесет - зейнеттегі Назарбаев

Dalanews 18 қаң. 2022 14:05 333

Элита арасында өзара тартыс немесе шиеленіс деген жоқ. Осы сипаттағы қауесеттер мүлдем негізсіз. Бұл туралы Елбасы қазақстандықтарға арнаған үндеуінде айтты, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

ҚР Тұңғыш Президенті - Елбасы Нұрсұлтан Назарбаев қазақстандықтарға үндеу жасады.

"Президент Қасым-Жомарт Тоқаев биліктің бүтіндей тізгініне ие. Ол Қауіпсіздік кеңесінің төрағасы. Таяуда ол Nur Otan партиясының төрағасы болып сайланады. Сондықтан элита ішінде өзара талас-тартыс немесе шиеленіс деген жоқ. Осы сипаттағы қауесеттер мүлдем негізсіз", – деді Нұрсұлтан Назарбаев.

Экс-президент өзінің еңбек демалысында екенін нақтылады.

"Маған келіп түскен көптеген өтініштерге жауап бере отырып және бұқаралық ақпарат құралдарындағы жарияланымдарға қатысты айтарым, мен 2019 жылы Президент өкілеттігін Қасым-Жомарт Тоқаевқа бергенімді, сол кезден бері зейнеткер екенімді, қазіргі уақытта Қазақстанның астанасында құрметті демалыста екенімді және ешқайда кетпегенімді хабарлаймын", – деді ол.

https://www.youtube.com/watch?v=K0ZSwtUV_bo

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x