ҚР Бас прокуратурасы қоғам белсендісі, «Жолтоқсан ақиқаты» ұйымының төрағасы Бейсенбай Сейфолданың өтінішісіне сәйкес Желтоқсан көтерісі кезінде Өскеменде жатақхананың бесінші қабатының секіріп мерт болған Сәбира Мұхамеджанованы саяси қуғын-сүргін құрбаны деп тану турасындағы өтінішін қарастырған.
Өз кезегінде ҚР Бас прокуратурасы жолдаған хатында «Абай атындағы Шығыс Қазақстан гуманитарлық колледжі мұрағатындағы құжаттарға сәйкес Сәбира Мұхамеджанованың 1986 жылы 16-18 желтоқсан күндері көтеріліске қатысқаны расталған.
Осыған сәйкесі «ҚР Жаппай саяси қуғын-сүргіндер құрбандарын ақтау туралы» заңына сәйкес Сәбира Есімбекқызы Мұхамеджанова саяси қуғын-сүргін құрбаны ретінде танылды» деген. Осылайша араға 35 жыл салып, қазақтың батыр қызын солақай саясаттың құрбаны деп танылып отыр.

Марат Рамазановтың сөзінше, Сәбира Мұхамеджановамен бір топта оқыған 28 қыз бен курстас 8 жігіт те ақталып отыр.