Тоқаев баспана бағасын арзандатудың жолын тапты

Dalanews 25 ақп. 2021 08:11 262

Қолжетімді және сапалы тұрғын үй құрылысын ынталандыру қажет, - деді Қазақстан Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында, деп хабарлайды Dalanews.kz. 

Бір айдың ішінде мыңдаған қазақстандықтар зейнетақы ақшасының бір бөлігін пайдалану мүмкіндігіне ие болуына байланысты баспана мәселесін шешті. Адамдар ипотекасын төлеп, несие көлемін қысқартты. Бұл - әділетті қоғам құрудың бір жолы. Көпшілікті қуантқан шешім ҰКСК-да қолдауға ие болған еді, - деді Қасым-Жомарт Тоқаев.

Оның айтуынша, 2020 жылы пайдалануға берілген тұрғын үйдің көлемі 11,2% -ға артқан, бірақ тұрғын үйлердің 40% -ы Нұр-Сұлтан, Алматы және Шымкент қалаларында пайдалануға берілген.

Баспаналардың көпшілігі өте қымбат. Қазір құрылыс компаниялары арзан тұрғын үй сала алмай отыр. Осыған байланысты, қолжетімді және сапалы тұрғын үй құрылысын ынталандыру үшін құрылыс компанияларымен сатудың офтейк шартын жасау қажет. Сонда баспана "Нұрлы жер" бағдарламасының бағасымен сатып алынады. Бұрын мұндай құрал сынақ жоба ретінде енгізілсе, енді оны бүкіл ел бойынша кеңкөлемді масштабта қолдану қажет. Бұл қолжетімді бағамен қысқа мерзімде тұрғын үй салуға мүмкіндік береді, - деді Қазақстан Президенті.

...

Офф-тейк дегеніміз не?

Offtake (off-take, офтейк, оф-тейк) – сауда маркетингінде сатылатын тауарлардың саны (сөреден, қоймадан), тауарлардың сауда нүктесінен «кетуі».
Off-take Contract (offtake agreement, офтейк келісім) – әлі өндірілмеген тауарларды сату/ сатып алу туралы келісім; өндіруші белгілі бір мөлшерде тауарлар (шикізаттар) өндіруді жоспарлайды және осы тауардың белгілі бір мөлшерін таңдауға келісетін жекелеген компаниялармен (офтейкерлермен) келісімдер жасайды.

...


Осының алдында Dalanews.kz-ке пікір білдірген экономист Расұл Рысмамбетов құрылыс саласындағы ауқатты достарын айналсоқтап, әлгілердің сойылын соғып, сөзін сөйлеуді ғана білетін Үкімет мүшелерін сынаған.


“Алматы мен Нұр-Сұлтанды ғана жасандырып, безендіріп отыр.  Өзге өңірлер ұмыт қалды. Тым-тырыс. Тіршілік жоқ. Тұрғындарына қолайлы жағдай жасалмаған. Ал ауыл шаруашылығы саласындағы кәсіпкерлердің көпшілігі шағын елді мекендерде шоғырланған. Үкіметтегі үркердей топ бұларды ойлап бас қатырмайды. Бар білгені құрылыстағы әлдеқашан олигархқа айналған достарының қамы", – деген экономист.


Оның пікірінше, әлеуметтік тұрғын үйдің құрылысын үдетіп жатқан Үкімет осы арқылы құрылыс компанияларын қолдап отыр. Баспананы жеңілдікпен алғандай көрінетін жұрт алдағы 15-20 жылға қарызға кіріп, өмірінің алтын уақытын несие төлеумен өткізеді.


Қатарынан қалмай үй жөндеуге, оны жиһаз және тұрмыстық техникамен толтыруға тырысып, өзіне көңіл бөлуде ұмытады. Өзін-өзі жетілдіруге, тіл үйренуге, денсаулығын түзеуге тапқан табысы жетпейді.

https://dalanews.kz/sadak/58249-myna-t-rimizben-zhyrty-sh-ly-ty-zhamap

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x