Қазақша білмейтін Динара мен Дина қазақтың тағдырымен ойнамасын!

Dalanews 19 қаң. 2021 11:38 308

Біздің қоғамда тым-тым орыстанып кеткен қазақтар «меншіктеп» алған мәселелер бар.

Бұлар тумысынан қазақтілді аудиторияның позициясын құптамайды.

Өздері ғана ойласатын дүниеге қазақтілді қауымның араласқанын қаламайды. Көріп жүрміз. Куә болғанбыз. Көзіміз жеткен.

Мұндай деңгейдегі мәселелерді азғантай адамның талқысына тастай салу сауатсыздық.

Заң жобасын талқылаған топта өңкей орыстілділер толып отыр.

Әлгіндей заң жобасына қатысты мемтілді білмейтін, қазақ аудиториясының ой-пікірімен санаспайтын Немолчи ұйымының төрағасы Дина Таңсәрі мен Динара Сәтжанның төрелік айтатын құқы жоқ.


Қазақтілді аудиторияның саны өсіп, сауаты артқан сайын мұндай конфликтілер көбейе түседі. Мұндай тақырыпты талқылауда қазақтілді ортаның дүниетанымын, пікірі мен принципін есепке алу керек.

Маған қызығы осы заң жобасын талқылауға қазақтілді сарапшылар атсалысты ма, жоқ па?..

Біз айыртілді мемлекетте өмір сүреміз. Алдымыздан әркезде тілдік фактор шығып отырады. Біздің ала-құла қоғамда ала-құла заңдар қабылданады. Соның кесірінен түрлі конфликтілер туындайды.

Мәселен мемтілді білмейтін Дина Таңсәрі қазақтілді ортаның осы тараптағы проблемасына құлақ аса алмайды. Ал бұл өте нәзік дүние.

Түптеп келгенде мұндай заңды қабылдатуға мүдделі адамдар бұған Батыстың көзімен де қарап тұрған жоқ.

Мұны орыстілді тәрбиемен байланыстыру керек. Ұлттық құндылықтан қол үзген, дәстүрден ажыраған аудиторияға қазақылықпен байланысты кез-келген дүние жат.

...

Тұрмыстық зорлық-зомбылыққа қарсы заң жобасын талқылауға Абзал Құспан, Камиша Есмухамбетқызы Досай Кенжетай, Гүлмира Әбіқай, Айгүл Орынбек секілді сарапшылар атсалысуы керек.

Думан Бықай, журналист, (Фейсбуктағы жазбасы)

 

Ұсынылған
Соңғы жаңалықтар
x